Тексеруші: Киекенова Бағдат



бет5/6
Дата21.10.2023
өлшемі53,75 Kb.
#120204
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Дунбаев Медет СӨЖ №8 Философия

2.1.Аристипп тұжырымы

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д.435-355)көзқарасы қалыптасуына Сократ ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінше: “Танымның қайнар көзі – түйсік. Ал түйсік арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын немесе қасиеттерін танып-біле алмаймыз, сондықтан табиғатты тінып-білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше, біз тек өзімізге тән субъективті қабілеттеріміздің нәтижесін тани аламыз”. Осыдан келіп, Аристипп: “Тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылық, - деген тұжырым жасайды. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.


Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы-өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен тәнін рахаттануға, ләззат алуға бағыштап, өзін де, басқаларды да шаттыққа бөлеулері керек”.Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.
Сөйтіп, Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік құбылыстарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады. Осы өнегелілік бағытты басшылыққа алып іс-әрекет жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға бөленетінін айта келіп, Аристипп мемлекетті, онда қалыптасқан заңдарды, т.б. рахатқа бөлену, бақытқа жету жолындағы құрал деп қарастырады.
Аристипп ізбасарлары: «Данышпандарға әдептілік қағидаларын сақтаудың қажеті жоқ, мысалы, данышпан өзін Отаны үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны — бүкіл әлем» (Феодор) деген идеяларды өз ілімдерінің басты қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық, т.б. сол сияқты бақыт мәселесін өз философиясының өзегі етіп қабылдаган ағымдарға зор әсер етті.
2.2. Гедонистік ілімінің шыңы

Эпикур: «Дуниені зерттеу - ол адамныц нeгізгі мақсаты емес», - дейді. Адамньщ негізгі мақсаты - бақытгы өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, құдайлар бар ма, алде жок па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жөнінде өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. Ол ешқашанда ерте де емес, кеш те емес. Эпикурдың ойынша, бақыт дегеніміз - еш нәрсеге кеселі тимеген ләззат. Ол адамның жаратылысы, табиғатынан шығады. Адам дүниеден ләззат алуға, зардаптан қашуға тырысады. «Сондықтан біз ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы мен аяғы деп есептейміз»- дейді Эпикур.


Осы айтылған және де басқа ойлардың негізінде жүре келе философияда эпикуреизм деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым өмірдің мән-мағнасы ләзатты қууда, құмартуда, Дүниенің барлық қызығын қамтуға тырысуда,- деген мағна береді. Тарихта, өкінішке орай, ірі тұлғалардың кейбір ойлары бұрмаланып, сол тұлғалар жөнінде болашақ ұрпақтардың санасында қисық пікір пайда болады.
Эпикур материалистік көзқарста болғанмен, Құдайлардың бар екенін мойындады. Бірақ Құдайлар ғарыштағы дүниелердің ортасында өздерімен өздері өмірден ләззат алып өмір сүріп жатыр, олардың адамдарға деген еш қатысы жоқ. Егер олар адамдардың ісіне қатысса, онда олардың рахатқа толы өмірі тоқталар еді,- дейді Эпикур.
Ал адамға келер болсақ, онда оның денесі мен жан-дүниесі атомдардан құрылғаннан кейін, ол өлгенде, оның жанын қурайтын жеңіл атомдар да тарап кетеді - яғни жан да келмеске кетеді. Ол табиғи нәрсе, сондықтан одан қорықпау керек.
Өлім мәселесіне келер болсақ, оның бізге ешқандай қатысы жоқ, біз бұл Дүниеде болсақ, онда өлім әлі жоқ, ал өлім келген кезде - біз жоқпыз²,- дейді ойшыл.
Қорыта келе, Эпикурдың филилософиясы, әсіресе, моральдық ой-пікірлері өз заманындағы рухани өмірге және содан кейінгі ұрпақтарға өзінің зор әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет