Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»



бет3/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123650
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Несеп-шығару-жүйесі-физиологиясы

Несеп түзілу теориясы

  • Фильтрациялық-реабсорбциялық-секрециялық теория
  • Несеп түзілуінің негізінде 3 үрдіс жатады:
  • шумақтағы сүзілу
  • түтікшелердегі қайта сорылу
  • түтікшелердегі секреция

Несеп түзілу механизмі

  • Несептің түзілуі бір-бірімен тығыз байланысты бір іздік үрдістерден тұрады:
  • 1) шумақтық сүзілу (ультрафильтрация) – қан плазмасынан су мен төменгі молекулалық компоненттердің бүйрек шумағының капсуласына біріншілік несептің түзілуімен жүретін үрдіс;
  • 2) түтікшелік қайта сорылу – сүзгіден өткен заттар мен судың біріншілік несептен қанға кері сорылуы;
  • 3) түтікшелік секреция – иондар мен органикалық заттардың қаннан түтікше саңылауына тасымалдануы.

Сүзілу үрдісі

  • Сүзілу (фильтрация) Шумлянский-Боумен капсуласында өтеді, сонда шумақтық капиллярлар арқылы ағатын қан плазмасынан су және плазмада еріген заттар (ірі мол. ақуыздан басқа) сүзіледі.

Сүзілу үрдісі

  • Сүзілу бүйрек шумақтарында жүзеге асады. Фильтрат шумақты түзетін капиллярлар эндотелийінен, базальды мембранадан және шумақ капсуласының эпителийі арқылы барьерден өтеді.
  • Базальды мембраналардың саңылауының диаметрі 2-4 нм; саңылаулардың жалпы ауданы жалпы сүзілу беткейінің 4-10 % құрайды.
  • Осы сүзгі арқылы қан плазмасынан алғашқы зәр түзіледі. Ол арқылы су, тұздар, глюкоза, төмен мол.ақуыздар өтеді.

Сүзілу үрдісі

  • Бүйректер жоғары мол. заттарды ұстап, салмағы кішігірім және орташа молекулаларды ғана өткізетін күшті ультрафильтрат ретінде жұмыс атқарады.
  • Фильтраттың құрамында қан плазмасының базальды мембрана саңылауынан өтетін көлемі кіші барлық бөліктер бар. Молекулалық салмағы 15000 астам молекулалар үшін сүзгіден өту қиынға соғады. Қан плазмасының протеиндері (және олармен байланысқан төменгі молекулалық заттар) сүзгіден өтпейді. Бүйректің шумақтық аппаратынан өту үшін заттардың суда және майда ерігіштігі анықтаушы факторға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет