Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»



бет7/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123650
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Несеп-шығару-жүйесі-физиологиясы

Түтікшелердегі секреция

  • Түтікшелердің эпителийі қайта сорумен қатар, секрециялық қызмет атқарады. Соның нәтижесінде түтікшелер арқылы ағзадан сүзілмейтін заттар (ағзаға енгізілген бояу, диодраст, пенициллин) шығарылады.
  • Түтікшелердің эпителийінде бірнеше биологиялық белсенді заттар түзіледі: гиппур қышқылы, аммиак, ренин, урокиназа, аминқышқылдар. Олар ағзадағы зат алмасуға қатысады.

Соңғы несептің құрамы

  • Несепнәр ақуыз катаболизмнің нәтижесінде пайда болады.
  • Бір тәулікте 100 г ақуыздан 30 г несепнәр түзіледі.
  • Қандағы несепнәрдің қалыпты концентрациясы 5 ммоль/л.
  • Несеп қышқылы нуклеин қышқылдарынан түзіледі.
  • Қандағы несеп қышқылының мөлшері 0,25 – 0,30 ммоль/л., тәулігіне несеппен 0,7 г шығарылады.
  • Креатинфосфаттан бұлшықетте креатин түзіледі, ол креатининге айналады. Қандағы креатинин мөлшері – 60-100 мкмоль/л., тәулігіне несеппен 1,5 г шығады.
  • Аммиак бүйректе бірқатар амин қышқылдарының (глутамин) дезаминдену нәтижесінде пайда болады, ол сутегі иондармен қосылып, аммонийге айналады. Қандағы аммиактің мөлшері 0,03-0,08 мкмоль/л., несеппен 0,3 – 1,2 г шығарылады.

Бақылау сұрақтар (кері байланыс):

  • 1. Сүзілу үрдісі қайда жүреді?
  • 2. Заттардың кері сіңірілуі қайда жүреді?
  • 3. Біріншілік несеп пен соңғы несептің ерекшеліктері.
  • 4. Соңғы несептің құрамы мен мөлшері.
  • 5. Клиренс деген не?
  • 6. Бұрылысты-ағуға қарсы жүйенің маңызы.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет