Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»


Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы



бет4/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#86195
1   2   3   4   5   6

Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы

  • Сүзілу үрдісінің негізгі сандық көрсеткіші – шумақтық сүзілудің жылдамдығы (ШСЖ).
  • ШСЖ – бұл уақыт бірлігінде (минутте) бүйректе пайда болатын ультрафильтраттың (алғашқы несептің) мөлшері.

Шумақтық сүзілудің жылдамдығы

  • Қалыпты ШСЖ еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде – 110 мл/мин.
  • Бір тәулікте шамамен 180 л біріншілік несеп түзіледі, 25 мин ішінде 3 л қан плазмасы сүзгіден өтеді.
  • Бір тәуліктің ішінде қан плазмасы шамамен 60 рет сүзіледі, яғни тазартылады.
  • Соңғы несептің мөлшері тәулігіне шамамен 1,5 л тең болады, демек алғашқы несептің көлемінен осы уақытта шамамен 178,5 л сұйық түтікшелерде қайтадан қанға сорылады.

Түтікшелердегі қайта сорылу

  • Шумақтық фильтрат құрамында еріген заттармен бірге нефрон капсуласынан (Боумен капсуласы) шығып, иірімделген түтікшелер арқылы, Генле ілмегі арқылы, дистальды түтікшелер арқылы жинақтаушы түтікшелерге тасымалданады.
  • 2 млн түтікшелердің әрқайсысының ұзындығы 3-5 см.
  • Түтікшелердің жалпы ауданы 7-8 м² тең.

Түтікшелердегі қайта сорылу

Қайта сорылу

  • Глюкоза мен амин қышқылдары белсенді тасымал жолымен (концентрациялық градиентке қарсы) сіңіріледі.
  • Натрий иондары электр-химиялық градиентке қарсы жолмен қайта сорылады. Na+, K+, АТФ-аза ферменттерінің қатысуымен және АТФ энергиясының шығындалуымен жүзеге асады.
  • Хлор иондары натрийдің белсенді тасымалынан түзілетін электрохимиялық градиент бойынша қайта сорылады, яғни (+) зарядталған Na иондары электростатикалық өзара әрекеттесуымен өзімен бірге (-) зарядталған CІ иондарын тартады.

Қайта сорылу

  • Су қайта сорылу пассивті транспорт, диффузия және осмос заңдары бойынша қайта сіңіріледі.
  • Глюкоза, натрий, калий, кальций проксимальды түтікшелерде біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығы мен қанға сіңіп, ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын жоғарылатып, түтікшелердегі несептің осмостық қысымын төмендетеді. Сөйтіп су осмостық қысымның айырмашылығынан біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығына және қанға өтеді.
  • Аталған үрдіс органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белсенді тасымалымен қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет