Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»


Заттарды шығару табалдырығы



бет5/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#86195
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
292970-1

Заттарды шығару табалдырығы

  • Түрлі заттардың шығару табалдырығы әр түрлі және ол ағзаның қызметтік жағдайы өзгергенде өзгеріске ұшырайды.
  • Табалдырықты заттарға амин қышқылдары, ұсақ молекулалық ақуыздар, дәрумендер, натрий, калий, кальций, хлор иондары жатады.
  • Табалдырықты емес заттардың (креатинин, инулин, сульфаттар) қан плазмасындағы концентрациясы өте төмен болғанымен, бүйрек түтікшелерінде қайта сорылмайды.
  • Кері сіңірілу механизмі түрлі заттарда бірдей болмайды. Түтікше жасушалары арқылы тасымалдың 2 түрін ажыратады: пассивті және активті.

Заттардың пассивті тасымалы түтікшелер саңылауы мен бүйректің интерстициялық ортасы арасындағы жоғары электр химиялық градиентке негізделеді.

  • Заттардың пассивті тасымалы түтікшелер саңылауы мен бүйректің интерстициялық ортасы арасындағы жоғары электр химиялық градиентке негізделеді.
  • Активті тасымал жасушалық метаболизм бақылайтын арнайы эндотермиялық үрдіс және заттардың электр химиялық (біріншілік белсенді тасымал) және концентрациялық (екіншілік белсенді тасымал) градиентке қарсы жүретін үрдіс.

Бүйректің айналдыра-кері ағызу жүйесі

  • Судың тасымалы проксимальды түтікшелердегі зәрдің осмостық қысымын ұлпа сұйықтығы мен қанның осмостық қысымымен теңестіреді. Сөйтіп, біршама мөлшерде тұз сіңірілгенімен, проксимальды түтікшелердегі зәр қандікіндей изотониялық болады.
  • Генле ілмегінде қайта сорылуының ерекше механизмі – бұрылысты-ағысқа қарсы жүйе болады (соның нәтижесінде зәрдің изотониялығы өзгереді).
  • Бұл жүйенің мәні – Генле ілмегінің проксимальды және дистальды түтікшелер бір-біріне жанаса орналасып, өзара байланысты тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.

Айналдыра-кері ағызу жүйенің қызметі

  • Генле ілмегінің проксимальды бөлімінің эпителийі суды өткізеді, ал Na+ иондарын өткізбейді. Сондықтан осы бөлім арқылы өткенде несеп қоюланады және ілмегінің соңында концентрациясы жоғары болады.
  • Ал дистальды бөлімінің эпителийі Na+ иондарын белсенді түрде кайта сорады, яғни натрийді түтікшедегі несептен бүйректің ұлпааралық сұйықтығына өткізеді, бірақ суды кері қарай жібермейді.
  • Сондықтан ілмектің бұрылатын жерінде гипертониялық несеп Генле ілмегінің дистальды бөлімінің соңында изотониялық немесе гипотониялық болады (қан плазмасымен салыстырғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет