САЯСАТТАНУ ПӘНІ №2 лекция. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:
1. Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі.
2. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель).
3. Орта ғасырдағы саяси идеялар (А.Августин, Ф.Аквинский, Әл-Фараби).
4. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Н.Макиавелли мен Ж.Боденнің саяси теориялары. Утопиялық социализм идеялары (Т.Мор, Т.Кампанелла).
5. Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары. Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. .
5. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
Саяси идеяларды дұрыс бағалау мен мәнін түсіну үшін мына методологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану керек:
белгілі тарихи кезеңде өмірлік жағдай мен қоғамдық практикада туындаған сұрақтарға жауап беру негізінде теориялар мен идеялар пайда болады, ол үшін сол практикалық мәселелерді терең танып білу қажет;
саяси ілімдерде тікелей немесе жанама болса да қандай да бір әлеуметтік топтардың, әлеуметтік күштердің экономикалық мүдделері көрініс табады;
саяси идеялардың қоғамдық процестегі рөлі әртүрлі болды. Олар жағымды немесе жағымсыз, тіпті реакциялық рөлдерді атқаруы мүмкін;
саяси ілімдердің дамуында дүниежүзі тарихы дамуының ішкі логикасы бар. Сонымен бірге, оны сол елде қалыптасқан ұлттық, тарихи жағдайлар позициясы тұрғысынан да қарау керек.
Саяси ілімдерді зерттеудің қажеттілігі:
Саяси ілімдерді зерттеудің қажеттілігі:
Қазiргi дүниенi дұрыс танып бiлу үшін және болашақ өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген.
Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану - тарихи қажеттiлiк.
Саяси iлiмдер тарихы адамзаттың таңдаулы өкiлдерiнiң саяси жетік ойлары мен идеяларының жиынтығы.
Ежелгі Шығыс саяси ойлары мифтік және дiни сипатта болды.
Ежелгi Үндiстанда мифтік, дiни және брахманизм идеялары үстемдік етті, адамдарды кастаға бөлді.
Ежелгі Қытай саяси ілімінде әлеуметтік әділеттілік идеялары айқын байқалды.
Қытайлық ойшыл Конфуций б.з.д. 551-479 жж. өмiр сүрген. Кітабы «Лунь юй» (Әңгiмелер мен пiкiрлер).