Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс (Т.Мор, Т.Кампанелла).
І. Томас Мор (1478-1535 жж.) көрнекті ойшыл, Англия канцлері болған. «Утопия» атты еңбегіндегі негізгі идеялары:
1. Англияның қоғамдық және саяси құрылысын сынады. Халық ауырпалығын жүйелі баяндады. Жеке меншікті сынады. Жеке меншікті толығымен жою керек деп есептеді.
2. Кітабында «Утопия» аралын суреттеді, онда жеке меншік жоқ, халық жағдайы тең, мемлекеттің лауазымды адамдарын халық сайлайды, халыққа есеп береді, маңызды істі бүкіл халық талдайды, мемлекет басында халық сайлаған князь тұрады. Жаппай еңбек ету.
ІІ. Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.). «Күн қала» атты еңбегінде жаппай теңдікке негізделген мемлекетті суреттеді. Мемлекеттік билік демократиялық принциптерге негізделген. Мемлекет басшысы осы қаланың ең ақылды, білімді азаматы атқарады. Қоғамдық өмір коммунистік принцип бойынша ұйымдастыру керек. Қоғамдық меншік керек деп есептеді.
Ш.Л. Монтескье (1689-1679жж.). «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар.
Ш.Л. Монтескье (1689-1679жж.). «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар.
Негiзгi идеялары:
саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды;
заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi;
билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол бермеу деп санады;
бостандық – заң мен ерiк берiлген нәрсенiң барлығын iстеу құқығы.