Университет педагогики города семей имени Шакарима
Аралық Бақылау по гистологии
ТЕМА
Жұмысты орындаған ДДЯ-221-С топ студенті Раматолла Нагим
тексерген Дженбаева Куралай Берикбаевна
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
1.1.1 Кіріктіріп оқыту бағдарламасы туралы түсінік
1.1.2 Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары
1.1.3 Кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
1.2 CLIL оқыту технологиясы
1.2.1 CLIL оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік
КІРІСПЕ
Білім берудің ұлттық моделінің негізгі өзегі оның құрылымдық байланыстарының сабақтастығы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік кеңістікке шығуға бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамыту үстінде. Бұл процесс педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасындағы елеулі өзгерістермен қатар қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-205 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді: қазақ мемлекеттік, орыс тілдерін білетін жоғары білімді ел ретінде қабылдануы керек. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінд және әлемдік экономикаға сәтті интеграциялану тілі ағылшын тілі болып табылады. Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарт у болып табылады . Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыт моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту болып табылады.
Пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту әдісін қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығының салдарынан, оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отырған мәселе.
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылуы мүмкін.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Себебі, бұл оқыту әдісі жаңадан қолданысқа еніп жатыр. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді және жаңа оқу жоспарлары мен пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа әдістері әзірлену үстінде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістерін және түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтары қолдануды талап етуде. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі- CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы болып табылады.
CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.
Тақырып өзектілігі: CLIL бұл кейбір пәндер шет тілінде оқытылатын оқыту әдісі. Сонымен қатар, оқушыларға ана тілінде және шетел тілдерінде сабақ беру бұл бір. Оқыту екі тілде жүзеге асырылады, яғни оқу жағдайлары жағдайға және оқу мақсатына сәйкес келетін тіл қолданылады. CLIL әдісіне сәйкес, шет тілі барлық сабақтарда ана тілінен басқа барлық пәндерде қолданыла алады, яғни тіл оқыту объектісіне айналмайды, бірақ оның құралы болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуын ғана емес, тарихи
танымдықты, педагогикалық психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділікті және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу және тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген маман болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты болып саналады.
Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті мен өздігінен іздену деңгейі төменгі дәрежеде. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, сонымен қатар ізденушінің рөлін де атқарулары қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:
- оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыра алу қажет;
- өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру керек; - оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану
кажет; - сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Менің бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым ағылшын
тілімен интеграция жағдайында химия пәнінен оқушылардың тәрбие жұмысының моделін жасау және енгізу болды. Жұмысты жазу барысында негізге алынған ең басты мақсат- оқушылардың мектепте оқытылатын пәндерді екінші тілде кіріктіре оқыту және сол екінші тілді де меңгеру болып табылады. Осы нәтижелерге жету барысында орындалу қажет міндеттер:
CLIL әдісімен оқыту тақырыбы бойынша мәліметтер жинау;
Тақырыпқа жалпылама сипаттама беру; Химия пәнін CLIL әдісімен оқыту әдістемесінің шығу тарихын зерттеу;
CLIL әдісін қолдану арқылы практика барысында өткізген сабақ жоспарымен таныстыру. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы: Қышқылдар мен оксидтер тақырыбында CLIL әдісін қолдану.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кіріктірілген оқыту бағдарламасы 1.1.1 Кіріктіріп оқыту бағдарламасы туралы түсінік
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының басты мақсаты көп мәдениетті тұлғаны дамыту болып табылады. Орта мектеп оқушыларға бірнеше шет тілдерін үйренуге жағдай жасауы керек. Шет тілін үйрену көп мәдениетті білімнің негізі болып саналады. Орта мектептердің практикалық қызметінде туындайтын негізгі проблема, біріншіден, шет
немесе екінші тілді білетін тілдік емес мамандықтардың білікті және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерінің болмауы немесе аз болуы. Екіншіден, оқу, дидактикалық қолдаудың жетіспеуі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәндерді оқуға арналған арнайы оқу құралдары мен бағдарламалар әзірленбеген).
Үшіншіден, шет тілдерін үйренудің заманауи білім беру технологияларын игеру болып
табылады.
Осындай негізге ие бола отырып, көптеген технологиялар педагогикалық процессте енгізіліп, сынақтан өткізіліп отырады және олар ағылшын тілін үйренуге бағытталған. Мемлекет басшысы Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық - - экономикаға ойдағыдай ену тілі, деген болатын.
Тіл -- халықтың ең басты қазынасы екені мәлім. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз және қолдануға қадам жасаудамыз. Жас ұрпақ үш тілді білуі
қажет. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген даналық сөзді ескере кету қажет. Сол -
себепті қазіргі уақытта көптеген тілдерді білу құрмет болып саналады. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келетін болса, көп тілді игерген азаматтарға көптеген мүмкіндіктер қарастырылған және оларға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі болып табылады. Қазіргі уақытта әлемнің дамыған мемлекеттері көп тілділікті дамытуға көптеген жағдай жасауда, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп табады. Сондықтан біз де өз халқымыздың өркендеп дамып, өркениеттен артта қалмауы үшін көптеген тілдерді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабының арқасында туындап отырған қажеттілік болып саналады. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие болатын тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек, деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. -- Көптілді оқыту -- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын жаңа мүмкіндік, сонымен қатар әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп және өз қабілетін танытуына мүмкіншілік болып табылады.
Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі ертеден келе -- жатқан қағида саналады. Алайда, жаһандану кезеңінде қалыптасқан қағидаға түзетулер енгізілуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біз үшін аса қажет құндылық. Осы мәселенің аясында мектеп бағдарламасындағы жаратылыстану бағытындағы пәндерді CLIL әдісімен өту ұсынылды. Ол әдісті пәндерді басқа шет тілдерінде оқытуға, сонымен қатар оқушылардың ағылшын немесе басқа тілдерде
сөйлеу қабілеттерін арттыру мақсатында қолданады.
Сонымен қоса Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптілді білім беруді дамытуға жіті назар аударып ...еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы - көпұлттылық пен көптілділік деп атап айтты. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Жүктеген тапсырмаларға сай, тілдерді қолдану және оларды дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Тілдердің үш тұғырлығы мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай ... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% ағылшын тілін меңгеруі тиіс делінген болатын. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа міндет жүктейді.
Ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, оған қоса білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, әрі жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру және әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту болып табылады [2].
1.1.2 Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық, дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде.
Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пандерді
кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды
ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ, түрлі пәндерді кіріктіріп
оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған
мақсаты айқын және бағдары жүйелі. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген
оку бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрейік:
Алдымен кіріктіріп оқыту мен кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық,
Кіріктіріп оқыту дегеніміз.
- біріншіден, сабақта панаралық байланыстарды дамыту мен тереңдетуді, олардың
ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан және олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады. - екіншіден, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін және ұштастыратын жүйе, осы
жүйенің негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдауы қалыптасады;
- ушіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері
мен қызығушылықтарын және өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, сонымен
қатар түрлі ғылым салаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды.
Кіріктіріп оқыту - ХХІ ғасыр талабы, Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен
құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат жеткізеді және олар
құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша
үнемді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-
өрісі одан әрі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы
нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен және сабақтың әр сатысындағы оқу
материалының логикалық, өзара келісімімен, сондай-ақ материалдың зор ақпараттық
мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оку үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту төмендегі нұсқаларға көмектеседі: ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы окуға;
сабақ құрылымында проблемалық, жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін
белсендіруге
оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық
процесіне бақылау жасауға;
білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз
шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға
сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға,
оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге және
шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері бойынша
пайдаланып кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында артурлі идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен қатар алынған
білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен
нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріктіріп оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу
бағдарламалары мен оқулықтардың аясын кеңейтетін және әртүрлі пәнаралық
проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылау және тәжірибе, салыстыру, талдау және жинақтау, сонымен
бірге компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.
Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған болып келеді. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік беретін оку процесін кіріктіруді құрастыру, келесі мүмкіндіктерге жағдай жасайды.
1) пәнаралық байланыстан көп пәндік байланыстарға өту оқушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан басқаларға көшірулеріне және оқу процесін толығырақ түсінулеріне, сонымен
қатар әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік береді; 2) пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың көлемін кеңейту, мектеп білім алушысының ойлау әрекетін белсендендірумен қатар, оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді, жақындатады;
3) кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік береді;
4) кіріктіріп оқыту метапәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың ақпараттық көлемін ұлғайтады;
5) кіріктіру оқушылардың түрлі пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын
қалыптастыра отырып, оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып және нақты бақылауларды дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді; 6) кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге көмектеседі және оқушылардың білім алу үшін көп күш жұмсауларын жеңілдетеді, шаршағыштықты болдырмайды, ынталандыру құралы болып есептеледі;
7) оқу материалдарын кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін өмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды.
Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, өмірге мейірімді, тұлғалық қасиеттерді
қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады [3].
Кіріктіру жүйесі мектеп пәндеріндегі сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын тең мөлшерде біріктіруді қарастыратын жүйе.
Екінші негізгі ұғым кіріктірілген сабақ бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ болып
табылады:
- мақсатқа әртүрлі пәннен алынған білімді біріктіру барысындаға ғана кіріктірілген сабаққа жетуге болады;
- зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне мүмкіндік беретін, сондай-ақ қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және шешуге бағытталған;
- әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзімен гармониялық үйлестірген, тәжірибеге бағытталған.
1.1.3 Кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Интеграцияланған сабақтарда студенттер әр түрлі тақырыптағы ақпараттарды қолдана
отырып, терең және терең білім алуға және олармен байланысты оқиғалар мен құбылыстар туралы мүлдем жаңа түсінік алуға мүмкіндік алады. Кіріктірілген сабақтың бір пәннен екіншісіне алған білімдерін біріктіру мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар студенттердің білімін шоғырландыруға және
панге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі қарапайым сабақтардан келесі сипаттамалары бойынша ерекшеленеді:
- зерттелген материалдың нақтылығы, ықшамдылығы және уақтылығы
- сабақтың әр кезеңінде кіріктірілген пәндер материалының логикалық үйлесімділігі мен
өзара байланысы;
- сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымдылығы.
Жалпы, кіріктірілген оқыту жүйесі біріктірілген оқытуға негізделген:
арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни егер ол ұйымдастырылмаған болса, ол болмауы мүмкін немесе оны ортақ мақсатқа ие емес жеке сабақтарға белуге болады: мақсат қоюға болады, мысалы: а) зерттелетін пәнді тереңірек зерттеу, б) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; в) тақырып бойынша оқуға арналған сұрақтарды
жалпыланған және кешенді қабылдау, г) оқу уақытын үнемдеу және т.б.); әр түрлі пәндерден алған білімдерін кеңінен қолдану, яғни панаралық байланысты
мағыналы түрде жүзеге асыру.
Сонымен, шет тілін және тілдік емес панді бір уақытта оқу оқу мақсатына жетудің қосымша құралы болып табылады және шет тілі мен тілдік емес пәнді оқыту үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз етеді.
Әрине, оқытудың бұл түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен алмастыра алмайды, бірақ оны айтарлықтай толықтыра алады. Сонымен, тақырыптық материал оқушылардың ана тіліндегі білім деңгейінен біршама төмен деңгейде таңдалуы керек. Курстық
материалдарды таңдау курстың құрылымына және ерекшелігіне байланысты. Сонымен
бірге жазбаша тапсырмалар студенттерді мәтіннің негізгі ойларын түсіну, талқылау және
қарау процесіне қатыстыра отырып, тақырып мазмұнына баса назар аударумен
орындалуы керек. Тапсырмалар лингвистикалық форманың ерекшеліктерін көрсетуі керек, олардың қалыптасу қабілетін жетілдіріп, олардың тәуелсіз және шығармашылық
белсенділіктерін бақылау, бағалау және ынталандыруға мүмкіндік беруі керек. Барлық тапсырмалар, ең алдымен, шет тіліндегі коммуникативті, жазбаша және ауызша сөйлеу
Дағдыларын дамытуға бағытталуы керек.
Оку процесін интеграциялау арқылы ұйымның кейбір ерекшеліктері студенттерді оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін ойдағыдай және тиімді орындауға көмектеседі. Сонымен бірге
ғылыми пәндер мен ағылшын тілін кешенді оқыту нәтижесінде алынған білім қамтамасыз
етіледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, кіріктірілген тілдік курстың және оқытудың негізгі нәтижесі мақсатты тіл студенттердің тақырыпты білуі емес, оқыту тілі болып
табылады.
Осы қағидаларды интегралды оқытуға енгізу үшін арнайы әдістер мен педагогикалық
технологиялар жасалды және енгізілді, олардың бірі әлемге әйгілі CLIL әдісі. Интеграцияланған білім беру бағдарламасын, белсенді оқытуды, командалық оқытуды және пәнді біріктірілген оқытуды (CLIL) және т.б. сәтті жүзеге асыру үшін оқытудың озық әдістерін қолдану қажет.
1.2 CLIL оқыту технологиясы
1.2.1 CLIL оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік
Қолданыстағы мектептер оқушылар арасында белгілі бір білім жиынтығын құрып қана қоймай, сонымен қатар олардың өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға деген ынтасын оятуы керек. Бұл процестердің дамуының қажетті шарты бұл оқушылардың оқу- танымдық белсенділігін жандандыру ғана емес, сонымен бірге көп мәдениетті жеке тұлғаны дамыту. Орта мектеп студенттерге бірнеше шет тілдерін үйренуге мүмкіндік беруі керек. Шет тілін үйрену көп мәдениетті білімнің негізі. Көптеген адамдар мұның қоғамдағы білім беру жүйесіне және оның жағдайына
байланысты екенін түсінеді, іс жүзінде бұл болашақ, қоғамның негізі, сондықтан егер тіл болмаса, қоғамдағы және оның қарым-қатынастар жүйесіндегі рөлі ең көп қарастырылуы керек, маңызды, маңызды. Мектеп, мектеп өз кезегінде шет тілін сәтті оқытуды құра және Дамыта алады.
Заманауи мектеп оқушылар арасында белгілі бір білім жиынтығын қалыптастырып қана
қоймай, сонымен қатар олардың өздігінен білім алуға, қабілеттерін жүзеге асыруға деген ынталарын оятуы керек. Бұл процестердің дамуының қажетті шарты бұл мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін жандандыру ғана емес, сонымен бірге көп мәдениетті тұлғаны дамыту. Орта мектеп студенттерге бірнеше шет тілдерін үйренуге жағдай жасауы керек. Шет тілін үйрену көп мәдениетті білімнің негізі.
Кеп нарсе қоғамдағы білім беру жүйесіне және оның жағдайына байланысты
болатындығын бәрі біледі, іс жүзінде бұл болашақ, қоғамның негізі, сондықтан қоғамда және оның қатынастар жүйесінде ең маңызды, егер орталық, болмаса, тілдің рөліне назар аудару керек. Мектеп, оку орны ретінде, өз кезегінде, шет тілін сәтті оқуға жағдай жасай және дамыта алады.
CLIL аббревиатурасы Интеграцияланған оқыту және Шетел тілін оқыту және басқа
академиялық пәндерді біріктіру дегенді білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Дэвид Марш 1994
жылы (Дживаскыла университеті, Финляндия) ұсынған. Оқытудың бұл түрі пәндер немесе олардың жеке бөлімдері шет тілінде оқытылатын кездегі оқу жағдайларын сипаттайды, осылайша екі мақсатты көздейді: бір пәнді оқып үйрену және бір уақытта шет тілін оқу. Марш өз зерттеулерін жалғастырды және 2001 жылы әдістеменің мәні келесідей түсіндірілді: CLIL шет тілін үйренуді басқа пәндерді үйренудің құралы ретінде қарастырады, осылайша оқушының қарым-қатынас қабілетін қайта ойластыруға және дамытуға мүмкіндік беретін оқуға деген қажеттілігін қалыптастырады, оның ішінде ана тілінде. (Д. Марш, Б. Марсланд және К. Стенберг, 2001).
CLIL әдістемесі Қазіргі қоғамда халықаралық және мәдениаралық кеңістіктегі заманауи тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бірінші кезектегі мәселелерге айналуда, ал екінші тілді білу кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі болып саналады. Осыған байланысты тілдерді оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі CLIL (Content and Language Integrated Learning) пәндік
интеграцияланған оқыту. Оқытудың жаңа технологиялары оқытудың тиімді әдістерін қолдану, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану, оқу материалдарын тиімді пайдалану, оқыту мен білім мен дағдыларды жүйелеу. Олардың мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдер екінші және үшінші тілдік пәндерді оқытуда CLIL тәсілін көбірек қолданады. CLIL оқыту технологиясы сапалы оқыту кезі бола отырып, мұғалім мен оқушының өзара ізгілікті қарым-қатынасы негізінде пәнді сапалы меңгеруде игі ықпалын тигізеді. CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пан саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге окушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. Бұл технологияның икемділігі мен өзгермелігі оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің дамуына, танымдық белсендігі мен шығармашылық дербестігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды. CLIL аббревиатура болып табылады. Егер пән оқытушылары ретінде, шет тілі арқылы жұмыс істесе, мазмұн мен тілге интеграциялап оқыту (Content and Language Integrated Learning - CLIL) саласында жұмыс істейді. CLIL қос бағытталған жүйе. Бұл техника пәндер шетел тілі арқылы оқытылатын жағдайларға жатады, яғни екі мақсатта, атап айтқанда,
мазмұны мен шет тілін бір уақытта үйренуге назар аударатын мәселе.
Қазақстан мектеп оқушыларының міндетті білім алу соңында, ана тілден басқа екі тілде
сөйлейтін қабілеті болуы тиіс. Осы ережеге сәйкес CLIL екі тілді білім үшін тәсіл болып табылады, оку жоспарының мазмұны және ағылшын бірге оқытылады. Орта білім беру деңгейіндегі ағылшын тілімен айырмашылығы зерттеу пәні оқыту басталғанға дейін ағылшын тілін меңгеру қажетсіздігінде. CLIL дамыту қуаты тілдік дағдыларды жетілдіру релінде, сондай-ақ студенттер олардың CLIL- жұмыстарын орындау үшін шетел тілін аса жоғары деңгейінде болуы міндетті еместікте.
CLIL жиі тілі ауқымынан тыс тұжырымдамалар туралы айту және жазу қажеттігі алдына әкеледі. Осы әрекеті өзі өздерін таныту CLIL тіл дамуының кепілі болып табылады. CLIL пән мен тілді кіріктіріп оқыту ағылшын тілінде (шет тілінде) оқытылатын пәндерді оқыту әдістемесін сипаттайтын термин. CLIL екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оку және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізу. Заманауи әдіснамалар мынандай анықтама береді: CLIL- оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс
CLIL яғни пән мен тілді кіріктіріп оқыту терминін 1994 жылы профессор Дэвид Марш еңгізген. Алдымен бұл термин белгілі бір пәнді немесе пәннің кезенің шет тілінде оқытуды көздеген, кейін оку процесінің негізгі мақсатына жету үшін қосбірлікті мақсат қойылған: пәнді оқыту және пәнмен қатар тілді оқыту. Дэвид Марш жылдар бойы көптеген зерттеулер жүргізіп, 2003 жылы "The relevance and potential of content and language integrated learning (CLIL) for achieving MT+2 in Europe" мақаласында пан мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін жетілдірген және де оған мынандай сипаттама берген: CLIL әдісі шетел тілін меңгеру, басқа пәнді оқыту үшін құрал ретінде қарастырылады Автордың сөзіне сүйене келе бұл әдіс бір
мезетте екі пән бойынша оқытуға мумкіндік береді, бірақ оқытылып жатқан пәнге немесе тілге негізгі назар аударылады. Жаңашыл әдістердің бірі ретінде кіріктіре білім беруді үштілділікке оқытуды жүзеге
асырудың тиімді әдісі ретінде алып қарастырсақ болады. Осы заманғы қоғамда ұлтаралық және мәдениетаралық кеңістіктегі адамды әлеуметтендіру мәселелері басым болып отыр. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру, кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты ағылшын тілін оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту [4,5]. CUL - Content and Language Integrated Learning Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі.
Пәндерді екінші не үшінші (қазақ, орыс не ағылшын) тілде оқыту.
СШL технологиясы пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. CLIL сөзінің, яғни
терминінің қолданылып жүргеніне көп уақыт болғандықтан (1994 жылдан бері қолданыста)
бұл жаңа термин болып саналмайды. Біз қазіргі таңда көптілді қоғамда өмір сүріп келеміз.
Көптілді меңгеру қазіргі кезде өмір сүру құралы болып табылады. Бұл терминді, яғни CLIL терминін Девид Марш пәндерді қосымша және басқа тілде оқыту үшін қолданысқа енгізді. Бұлай оқытудың мақсаты панді басқа тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын және т.б.) оқытып, сол тілді де меңгеруге мүмкіндік береді. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі таңда жұмыс ұсынушылар мен жұмыс берушілердің ең қажет ететін
сұраныстағы қабілеті болып табылады.
CLIL әдісі қазір біздің еліміздің көптеген мектептерінде қолданыста. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдіс қолданыста. Ол мектептерде көптеген пәндер өз ана тілінде жүргізілмейді. Әр оқушы пәнді екінші тілде оқи отырып, сол тілді меңгеріп, екінші тілде
еркін сөйлеуді үйренеді. CLIL әдістемесінің негізгі принциптерін анықтауда төмендегідей 5 аспекттер белгіленеді.
1. Мәдени аспект
2. Әлеуметтік аспект
3. Тілдік аспект
4. Пәндік аспект 5. Оқыту аспектісі
Бұладың әрқайсысы оқушылардың жас ерекшелігіне, алеуметтік-тілдік ортасына және осы әдістің тереңдік дәрежесіне байланысты. CLIL әдісінің оқушыларға беретін мүмкіндіктері өте жоғары. Сол мүмкіндіктерге тоқтала кетсек: CLIL әдісі тек қана тілді меңгеруге ғана мүмкіндік беріп қоймай, таным құралы ретінде де қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тілдерді жоғары деңгейде меңгеріп, қызметтің барлық салаларында қолдана білуге, өз мәдениетін бағалауға, басқа да мәдениеттерді түсініп құрметтеуге, функционалдық сауаттылыққа және азаматтық жауапкершілікке баулыйды.
CLIL әдістемесі бойынша оқытудың мақсаттары:
1. Оқытылатын пән арқылы шет тілін зерделеу;
2. Пәнді шет тілі арқылы зерделеу.
Шет тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, физика, информатика, география және
т.б. тілдерді оқыта алады.