Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады
Бандитизм (ҚР ҚК 268-бабы)
БАНДА – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы (ұйымдасқан топ)
Бандитизмнің объективтік жағын құрайтын әрекеттер:
БАНДАНЫ ҚҰРУ – кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде банданың шын мәнiсiнде құрылуы
БАНДАҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ – банданың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ нақты қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдау
БАНДАҒА ҚАТЫСУ – банданың құрамына кiру және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б.