Мектепке қабылдау тәртібі 25. Бірінші класқа жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегіне дейін 6 (7) жасқа толған балалар қабылданады. Өтініштер қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.
26. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар үшін үйде немесе емдеу мекемелерінде ақысыз дербес оқыту ұйымдастырылады (ҚР “Білім туралы” ).
27. Мектепке қабылдау ата-аналарының (немесе заңды өкілдерінің) жазбаша өтініші, дәрігерлік анықтама, туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
28. Оныншы бейіндік кластарға қабылдау оқушының оқытудағы қызығушылығы, бейімділігі және қабілеттілігі ескеріліп, оқушының жеке арызы, ата-ананың келісімі (заңды өкілдері) және мекенжайы ескерілместен, негізгі білім туралы құжаты негізінде жүргізіледі.
29. Оқушыларды қабылдау кезінде мектеп ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді Жарғымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, ішкі тәртіп ережелерімен және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру Білім алушылардың сабақтарының тәртібі төмендегідей:
1-кезең – сабақтың басталуы – 8.30;
Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады;
30. Мектептегі оқу процесін ұйымдастыру базистік оқу жоспарының, сабақ кестесімен реттелетін мектептің өзі жасаған базистік оқу жоспарының негізінде құрылады. Мектептегі сабақ кестесі мектеп директорымен немесе оның міндетін атқарушымен бекітіледі.
31.Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. 32. Негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын игеру ҚР-ның Білім және ғылым министрлігімен бекітілген ережемен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мектеп бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
33. Мектеп білім алушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және мерзімін таңдауда дербестік таныта алады.
34. Мектеп ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) қалауы бойынша жалпы білім беру бағдарламаларын немесе олардың бір бөлігін игеру үшін күндізгі білім алу, экстернат және қашықтықтан білім алу нысанында оқуға жағдай жасауға ықпал етіп, көмек көрсетеді.
35. Мектептегі кластардың саны санитарлық нормалардың талаптары мен жалпы білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына байланысты анықталады. Кластардың толымдылығы 24 адамнан кем емес мөлшерде белгіленеді. Қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда кластарды аз мөлшердегі толымдылықпен комплектілеуге болады.
36. Мектептегі тәртіп оқушылардың және педагогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройын құрметтеу негізінде жүзеге асады. Оқушыларға дене және психикалық қысым көрсетуге жол берілмейді.
37.Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
38.Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.
39.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
40.Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери дайындығы - жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
41.Білім беру ұйымы ата-аналар мен кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысы мен мазмұнымен, сонымен қатар білім алушылардың үлгерімімен танысуға мүмкіндік береді.
42.Мектепте оқу жылы қыркүйек айының бірінші күнінен басталады, егер де бұл күн жексенбіге сәйкес келсе, онда оқу жылы одан кейін бірінші жұмыс күнінен басталады. Оқу жылы 1 кластар үшін -33 апта, 2-11 кластар үшін оқу жылының ұзақтығы-34 апта.
43.Каникул уақыты әр жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен айқындалады.
44.Бірінші кластарда балалардың мектеп талаптарына бейімделуін жеңілдету мақсатында 1-ші кластарда оқу жүктемесін біртіндеп өсірілетін сабақтардың «сатылы» тәртібі енгізіледі, яғни І,ІІ тоқсанда – 35 минут, ΙІΙ тоқсаннан бастап ұзақтығы – 45 минут.
45.ҚР Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік стандартқа сәйкес жекеленген пәндер оқытуда кластарды екі топқа бөлу жүзеге асырылады.
46.2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.
2018-2019оқу жылында 3,6,8,10сыныптар;2019-2020оқу жылында-4,9 ,11сыныптаркөшеді.
47.Оқушылар мен ата-аналардың мүдделерін ескере отырып және қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен кластарда қосымша пәндер енгізілуі мүмкін.