Білім деңгейін ағымдық бақылау, оқушылардыаралық және қорытынды аттестаттау жүйесі 48.Жалпы орта білімді игеру ол туралы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ережелер тәртібі бойынша жүзеге асырылатын мектеп бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
49.Аралық аттестаттаудың формасы мен өткізілу тәртібін мектеп белгілейді.
50.Білім деңгейін ағымдық бақылау класс журналының және оқушылар күнделігінің негізінде жүргізіледі. Білім бағдарламасын толық меңгерген оқушылар келесі класқа көшіріледі. Оқу мерзімінің жартысынан көп уақытын олардың жағдайына тәуелсіз себептермен жіберген оқушылар аттестатталмайды.
51.Ағымдық аттестаттау формасын мұғалім анықтайды. Тоқсандық немесе жартыжылдық баға ережеге сәйкес бақылау, практикалық және өзіндік жұмыс бағаларының арифметикалық ортасынан аспауы қажет.
52.Білім алушылар мемлекеттік емтиханнан ауруына байланысты медициналық комиссия қорытындысы негізінде босатылады. Емтиханнан босатуға құқық беретін аурулар тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілейді.
53.9(10) класс көлемінде білімді аяқтаған білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.
54.11(12) класс көлемінде білім алған оқушылар жалпы орта білім туралы аттестат алады.
Білім алушылар,тәрбиеленушілерді мектептен шығару негізі мен тәртібі 55.16 жасқа толмаған балалар орта білім беру мемлекеттік ұйымынан ерекше жағдайларда ғана, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымының мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша шығарылады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару шешімі қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен қабылданады.
Қосымша ақылы білім беру қызметінкөрсетудің тізбесі мен тәртібі 56.Мекеме ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 20 шілдесінде бекітілген №1102 «Мемлекеттік білім беру мекемелерінде тауарларды (жұмыс, қызмет) жүзеге асыру бойынша ақылы қызмет көрсету Ережелері» қаулысына және басқа нормативтік-құқықтық құжаттардың рәсімделуіне қайшы келмейтін қосымша ақылы білім беру қызметін көрсете алады.
57.Мемлекеттік мекеме білім берудің мемлекеттік жалпы білім беретін стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынадай қызметтер көрсете алады:
- қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнерсаласындағы бейінділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру.
- оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
- пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру.
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
Қызметтер көрсететін білім беру ұйымы, білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар және қызметтер ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
- білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.
- оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте, төлем сомасы жалақының ұлғаюы және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен артық емес өзгертілуі мүмкін.
58.Қосымша ақылы білім беру қызметіне жататындар:
- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қызметтер;
- арнайы курстарды және пәндер циклын қосымша оқыту түрі бойынша қызметтер;
- репетиторлық қызметтер (жекелеген оқушылармен оқу жоспарындағы сағаттардан тыс қосымша сабақтар өткізу);
- үйірме жұмыстарын ұйымдастыру қызметі (базистік оқу жоспарынан тыс);
- басқа да ақылы қызметтер.
59.Ақылы қызметтер мемлекеттік білімдік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетілмейді.
60.Ақылы білім беру қызметі мемлекеттік стандартының негізінде жасалып, эксперт кеңесімен келісілген және Темір ауданыныңбілім бөлімімен бекітілген оқу жоспары бойынша ұсынылады.
61.Базалық оқу жоспарынан түскен артық ақша қызметкерлерге өткізген сабақтары үшін бекітілген жалақы, қосымша үстеме ақы және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдерге және шаруашылық шығындарына, жабдықтар мен мүліктер сатып алуға жұмсалады.
62.Қосымша ақылы білім беру қызметінің тізімі қалалық эксперттік комиссияның шешімі және Темір ауданыныңбілім бөлімінің бұйрығы негізінде мектеп бұйрығы бойынша бекітіледі.
63.Оқу жоспарын Темір ауданыныңбілім бөлімінің келісімі бойынша мектеп директоры бекітеді.
64.Мектеп директоры ғылыми-әдістемелік жетекшілікті қосымша орындайды.
65.Штаттық кестені Темір ауданыныңбілім бөлімімен келісе отырып бекітеді.
66.Ақылы қосымша білім беру қызметі оқушыларға ата-аналарының қалауы бойынша мектеп пен ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің арасында жасалған келісім-шарт негізіндегі бөлек сабақ кестесі бойынша ұсынылады.
67.Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарлар (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
68. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге да заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.