«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С. Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы



бет1/11
Дата15.03.2023
өлшемі69,18 Kb.
#74616
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2017-2018ж


«Темір ауданының білім бөлімі»


мемлекеттік мекемесінің
«С.Байшев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ

2018 жыл
«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің


«С.Байшев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

  1. Жалпы ережелер

1.«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесініңС.Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – мемлекеттік мекеме). бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыру функцияларын іске асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.


2. Мемлекеттікмекеменің түрі: коммуналдық
3.«С.Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының халық депутаттарының атқарушы комитетінің 1985 жылы 29 тамыз №499 шешімі бойынша құрылған.
4.«С.Байшев атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Темір қаласының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі - құрылтайшы).
5. Тиісті саланың уәкілетті органы «Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ал мекеменің мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі уәкілетті органы «Темір аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган).
6. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7. Мекеменің орналасқан жері: 030810, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Темірқаласы,Алтынсарин көшесі, 1 үй



  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған уақытынан бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.


9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.
10.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11.Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойыншаҚазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет