Темірбеков Алтынбек Темірбекұлы (аты-жөні) " 2 " 10. 2015 №1 18 а бұйрықпен бекітілген жұмыс тақырыбы "Blender 3D " бағдарламасы



бет11/12
Дата25.01.2022
өлшемі4,23 Mb.
#24336
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Blender 3D

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі 3D технологиясы бұрынғы технологиялар сияқты бір программа ретінде қарастырылып қоймай, ол толық əмбебапты бір жүйе болып қалыптасып келеді. Blender версиялары жиі жаңартылып отырады. Бұл жаңартулар уақыт талабына сай жетілдіріледі. Оны аспаптық құрал ретінде де тиімді қолданады. Бүгінгі күнде Blender-ті қолдану аймағы өте кең ауқымда қарастырылып отыр: анимациялар, полиграфиялар, кескіндеу өнері, шоу-бизнестегі теледидардағы дизайндар жəне басқалар.

Қазіргі кезде кезкелген анықтамалық жүйелерді жасауда өте сәтті қызмет көрсетіп келе жатқан бұл редакторды қалай мақтасақ та жарасады. Себебі векторлық графиканың жадыдан өте аз орын алатынын ескеретінін білсек, онда интернет желісінде тез жүктелетін осы редакторды қай адам болмасын қолдануға тіпті мүдделі де болады.

Кез келген Blender анимация құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиюға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады.

Үш өлшемді графиканың қолдану ауданы өте кең. Ол өнеркәсіп индустриясынан білім кеңістігіне дейін жайылып жатыр. Білетініміз, мультимедиялық жобаны, фильмді кең метражды киноларды, жарнама агенттігіндегі роликтер, ойын түрінде көптеген аниматорлар мен үш өлшемді модельді жетілдіру қажет. Дизайн саласында бұл бағдарламаның мүмкіндігі зор екендігін түсіндірудің өзі адамға жағымды.

Сонымен қатар, сіздің пәтеріңізде жиһазды қалай үйлесімді етіп орналастырып қоюды көрсетуге, құттықтауға арналған роликтер құруға, курстық немесе дипломдық проекттер жасауға, бүкіл интернет-сервердің коммерциялық орындауларын немесе ірі компанияның жарнамалық видеобейнесін жасауға болады. Масштабталуы және пакеттің модульдік құрылымына байланысты, 3d-ді өздігінен үйренуші бірнеше сағаттық жұмыстан кейін жақсы нәтижеге жетуіне болады. Кәсіпқой қолданушыға творчестволық ізденуге арналған шексіз құралдар және толық жетілдірулер пайдалануға берілген. Сәулетшілдік ішкі көріністерді және фасадтарды модельдеу, кейіпкерді анимациялау, Internet-ке арналған шындыққа негізделген суреттік 3D көріністері, физикалық және химиялық процесстерді визуализациялау бұлар бағдарлама мүмкіндіктерінің бірі ғана.

Соңғы он жылдағы технологияның қарқынды дамуы компьютерлік технологияның және оны бағдарламалық қамтамасыз ету саласының тез дамуына ықпал етті. Қазірігі өлшемдер бойынша маңызды емес болып көрінген арнайы эффектілір көмегімен құрылған филімдер эпизоды, кезінде таңданыс толқыны мен пікірталас тудырғаны белгілі. Қазіргі кино мен теледидардағы арнайы эффектілермен ешкімді таңдандыра алмайсың. Олар Компьтерлік графиканы және соның ішінде үш өлшемді моделдеуді құру бағдарламасының жалпылай тарауының арқасында күнделікті құбылыс бола бастады. Үш өлшемді графиканың бағдарламалары өз мүмкіндіктері бойынша ең қызықтылары және меңгерілуі бойынша ең күрделілігі. Осындай

бағдарламалардың ішінде Blender бағдарламасы көшбасшы орындардың бірін алады.

Қорыта келгенде, кез келген білім беру ордаларында компьютерлік технологияларды пайдалану қазіргі уақытта өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялардың жетілдірілуі, әсіресе соңғы елу жылда қарыштай дамуы адамзат қоғамындағы ақпараттану ғылымына орасан зор өзгерістер әкелді, өйткені оқудың көрнекілігін арттыру, қиындық деңгейі және өз бетінше әрекет ету көрсеткіштері бойынша да оқу процесінде дайындалатын роликтерді компьютер арқылы шешу әлдеқайда оңай. Қазір қоғам талабына сай кез-келген салалар, оқу орындары, жарнама агенттіктері өз ерекшеліктерін барынша жарнамалауға бет бұруда. Осыған байланысты дипломдық жұмыста болашақта көптеген дизайнерлерге, архитекторларға, жарнама агенттігінде Blender бағдарламасын қолдануға жол ашу.

Дипломдық жұмыста мына мәселелер қарастырылып шешімін тапты:

1. Үш өлшемді графиканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

2. Үш өлшемді графиканың қолданыс салалары.

3. Blender бағдарламасының тиімділігі мен пайдасы.

4. Blender бағдарламасын қолдану мүмкіндігі.

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, жұмысты бастарда алдыма

қойылған міндеттерді толықтай орындап шықтым, яғни Blender бағдарламасымен кеңінен таныса алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет