Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет32/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138
Тақырып 5. Нарық және бәсеке
Дәріс 5. Дәріс-презентация

  1. Нарықтың мәні және түрлері. Нарықтың құрылымы және оның жіктелуі

  2. Нарық инфрақұрылымы. Қазіргі нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері.

  3. Бәсеке: түсінігі және түрлері.


Дәрістің мақсаты: нарық ұғымымен танысу, нарықтың құрылымы және оның жіктелуі мен қоғамдық өндірістегі нарықтың қызметтері мен рөлін анықтау.

Негізгі ұғымдар: нарық, бәсеке, монополия, олигополия, дуополия, жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке, т.б.


  1. Нарықтың мәні және түрлері. Нарықтың құрылымы және оның жіктелуі

Нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық сатыларында өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Нарық экономикасы тәжірибеде өзінің жоғарғы тиімділігін дәлелдейді. Оның негізгі тиімді жақтары:



  1. экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделгіштігі мен икемділігі;

  2. өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа технологияны жылдам пайдалануы;

  3. өндірісшілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы;

  4. әртүрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

  5. Бағаның еркін қозғалысы. Сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді;

  6. Экономиканы “сауықтыру” /санация/ өз алдына шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижесін қоғамдық бағалау бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аяусыз алшақтатады;

  7. Бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлілігі.

Нарық осы аталған негізгі тиімділіктерін іске асыру барысында шаруашылық механизмінің басқа да процестеріне тиімді ықпал жасайды.

Нарық жоғарыдағы аталған күш-қуатына қарамастан маңызды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Сонымен, нарықтың әлсіздігі:



  1. Еңбек пен табысқа кепілдік бермейді нарық жүйесі теңсіздікті одан әрі күшейте түседі;

  2. Әлеуметтік қажеттілікті қорғау үшін пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді (спорт, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) ынталандырмайды;

  3. Нарық экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым-қатынастарды, макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше диспропорциялар тудырады. Бұл өте қауіпті, құрылымдық дағдарыстар тудырады.

  4. Нарық экономикасы ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануда сараңдық жасайды. Себебі ҒТП тәуекелдікпен жұмсалатын көп қаржы-капитал. Нарық экономикасының бұл кемшілігін ғылыми-техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсеңдетуге болады.

  5. Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан, бұл қызметті қоғам атқаруы керек.

  6. Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататын – жұмыссыздық, инфляция.


Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:

Біріншіден,нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни не өндіру қажет, қалай өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;

Екіншіден,нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арсында байланыстар орнайды. Нарыққа қатысушы әр адам бір мезгілде, әрі сатып алушы, әрі сатушы болады. Ол өз өміріне қажет нәрселерді сатып алады немесе нарықта өзі өндірген тауарларды немесе мүлігін немесе жұмыс күшін сатады;

Үшіншіден,нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады. Егер де шығындар көп болса, ондай өнімдерді сатып алу мүмкін болмайды және оны одан әрі өндіру тоқтатылады. Демек, нарықта шығындарды өтейтін бағалар бойынша өнімдер сатылады;

Төртіншіден,нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құбылып отырады. Егер де нарықта белгілі тауарлардың мөлшері оған деген сұраныстан басым болса, онда баға арзандайды, демек сол тауарды ұсыну мен өндіру кемиді. Керісінше, бағаның көтерілуі өндірісті ынталандырады, оның өсе беруі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік орнағанша жалғасады және соның салдарынан тепе-теңдік баға белгіленеді;

Бесіншіден,нарық өндірушілерді өзара жіктейді. Бәсеке кезінде тек өнімдерді өндіруге нарық бағасынан төмен шығындар жұмсаған фирмалар ғана өмір сүре алады. Бұл жағдайда фирма пайданы иемденеді. Егер шығындарды нарық бағасынан жоғары болса, онда зиян шегіп, шығындарға ұшырайды. Яғни, өндірушілердің жіктелуі дегеніміз тиімді фирмалардың нығая түсуі және тиімсіз фирмалардың күйреуі болып табылады.

Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекеленген элементтерінің болуын айтады.

Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталайық.


Нарықтың негізгі түрлері






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет