Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет59/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138
8.2. Акционерлік қоғам
Акционерлік қоғам - кәсіпорын түрі, жарғылық қоры акция шығарып, оны сату арқылы салымдарын біріктіру нәтижесінде құралады. Қоғам мүшелері өз салымдарының көлемінде жауапкершілікте болады.

Акционерлік қоғамның негізгі белгілері:



  • заңды тұлға статусы болуы;

  • міндеттемелерге барлық мүлігімен жауаптылығы;

  • акционерлік қоғам мүлкінің жекелеген акционерлер мүлігінен ерешеленуі;

  • жарғылық капиталының болуы, оның белгілі бір акция санына бөлінуі;

Акционерлік қоғамды басқару. Акционерлік қоғамды басқару құрылымы екі немесе үш звенодан тұрады. Екі звенолы акционерлік қоғам: акционерлердің жалпы жиналысы және басқарма (орындаушы директор) құрылымынан тұрады. Ал үш звенолы құрылымда, оған бақылау комиссиясы (немесе кеңес) қосылады.

Акционерлік қоғамды басқару құқығы, акционерлердің акция санына қарай жалпы жиналыстағы дауыс саны – қоғамның жалпы жиналысында шешіледі.

Акционерлер жиналысы мына төмендегі мәселелерді шешеді:


  • қоғамның негізгі даму бағытын анықтайды;

  • жарғыға өзгерістер жасау;

  • өздерінің филиалдарын ашу жөнінде шешім қабылдау;

  • қоғамның іс-әрекетінің нәтижесін бекіту;

  • басқару органын сайлау;

Жалпы жиналыстың шешім қабылдауын шешу дауысының саны әр елде әртүрлі. Көпшілік елдерде ¾ жиналысқа қатысушылардың дауысын алғанда шешім қабылданады. Акционерлер жиналысы жылына бір рет шақырылады.

Жалпы жиналыста сайланған басқару органы қоғамның ағымдағы іс- әрекетін басқарады. Ал бақылаушы комиссия (кеңес) басқару органының іс-әрекеттерін бақылайды.

Акционерлік қоғамның құрылтайшылары заңды тұлға немесе жеке тұлғаларда бола алады. Олар құрылтайшылардың міндеті мен құқы жөнінде келісім-шарт жасайды. Оған рұқсат алу үшін, тіркеуден өтуге қоғамның жарғысын дайындап бекіту керек. Мемлекет органдары тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға құқығына ие болады, содан соң өзінің акциясын шығаруына болады.

Акция және оның түрлері. Акционерлік қоғам жарғылық капиталы болады. Жарғылық капитал акционерлік қоғам мүшелігіне акционерлердің төлейтін жарнасынан құралады. Оның көлемін акционерлік қоғам құрылтайшылары анықтайды. Акционерлік қоғам тек жарғылық капиталға ғана жауапкершілікте болмайды, сонымен қатар қоғамның барлық мүліктеріне жауапты. Қоғам мүлкі жарғылық капиталдан көбінесе аз да болуы мүмкін.

Жарғылық капитал пайда болуының (құрылуының) екі жолы бар. Біріншісі акцияға көпшіліктің жазылуы, ал екіншісі құрылтайшылар арасында тарату. Алғашқысы – акционерлік қоғам ашық болғанда, соңғысы – акционерлік қоғам жабық болғанда. Сонымен Акционерлік қоғамның екі типі болады: ашық және жабық.



Акция – бағалы қағаз, акционерлік қоғамға қатыстылығын анықтайды және пайдадан өз үлесін алатындығын куәландырады. Акциядан алатын табысты – дивиденд деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет