Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»


Жұмыссыздық түсінігі. Жұмыссыздық түрлері



бет90/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   138
3.Жұмыссыздық түсінігі. Жұмыссыздық түрлері

Жұмысбастылық — елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруалардың, фермерлердің, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, жеке шаруа қожалықтарында жұмыспен айналысатын адамдардың, т.б. жалпы санын сипаттайды. Негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ететіндер саны бастапқы жұмыспен қамтылғандар, негізгі жұмыстан бос уақыттағы еңбекпен айналысушылар саны қосалқы жұмыспен қамтылғандар деп аталады.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:



  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады.

  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи нормасы деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттілер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деп атайды.

Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.

1. Жұмыспен қамтуды (жаңа жұмыс орындарын құру) кеңейтудің жағдайы мен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.

2. Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру.

3. Жұмыссыздарға жұмыс іздеуде ұтқыр қоныс аударуға мүмкіншілік тудыру.



Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:

1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне єкеліп соғады.

2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.

3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.

Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.

1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кєсіби дайындықтардан жєне қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.

2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.

3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.

4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет