Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет89/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

  • еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

  • көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

  • бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

  • энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

  • алтынға;

  • тауар;

  • шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:



  1. Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

    • ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

    • Басыңқы инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады; Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл КСРО – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.



  2. Таралу орнына қарай:

    • локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

    • дуниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

  3. Бағаның өсу қарқынына қарай:

    • баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

    • орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

    • ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.


Инфляцияның пайда болу себептері





Елдің экономикасының ашықтығы

Өндіріс шығындарының өсуі

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы

Инфляцияның зардаптары:


  • елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әртүрлі топтарының арасында бөліске түседі;





  • инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкердердің тәуекелін өсіреді;

  • қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиленісті күшейте түседі;

  • ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі;

  • шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол- капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.


    1. Кесте Қазақстандағы инфляция деңгейі (%)





2016 ж. қаңтар

2015ж. желтоқсанға


2015ж. қаңтарға


2010ж. желтоқсанға



Тауарлар мен қызметтер

1,3

14,4

47,4

Азық-түлік тауарлары

1,8

11,6

44,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,9

23,8

50,1

Ақылы қызметтер

1,2

8,6

47,5



2015 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, деп хабарлайды.


Азық-түлік тауарларының бағасы он бір ай ішінде 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың көлемі – 21,3%-ға, ақылы қызмет түрлері – 6,7%-ға артты.

Жыл басынан бері жеміс-жидек бағасы  – 29,9%, күнбағыс майы – 27,7%, консервіленген көкөністер – 20,7%, қант – 19,6%, балық және теңіз өнімдері–  18,4%, алкогольсіз сусындар – 15,2%, ұн өнімдері – 14,6%, кондитерлік өнімдер – 13,9%, консервіленген сүт жәні қарақұмық жармалары – 13,1%, нан – 11,8%, жұмыртқа – 10,5%, макарон өнімдері – 9,1%,ет өнімдері – 8,5%-ға қымбаттаған.

Баға өсімі тоқыма өнімдерінде 33,8%-ды құрады. Киім, аяқ киім – 31,6%, әйнек және керамика – 31,3%, жиһаз және үйге қажетті тауарлар – 29,8%, фармацевтикалық өнімдер – 28,8%, кітаптар – 23,7%, тұрмыстық тауарлар – 22,2%, көлікке қатысты қосымшалар – 19,6%, автокөліктер – 18,1%, жеке тұтыну тауарлары – 16%. Мотор майларының бағасы – 33,1%, бензин – 6%-ға қымбаттады. Ал дизельдік жанармай  9,7%-ға арзандаған.

Кабелдік телеарна қызметтерінің бағасы – 50,9%, кешенді демалу орынары – 18,4%, денсаулық сақтау – 11,2%, қоғамдық тамақтану – 11%, мәдениет және ойын сауық орындары – 8,9%, сақтандыру – 7%, жеке қызмет көрсету және шаштараз қызметі – 6,4%-ға артты.

Тұрғын үй коммуналдық тарифтері: суық су – 12,7%, канализация – 10,3%, электроэнергия – 8,5%,ыстық су – 7%, орталық жылыту қоры –  5,1%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы инфляция дәлізі 2015 жылы 6-8%-дан 8-10%-ға артқан болатын. Ал ЕАЭО елдері арасындағы инфляция 14% болды.

Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.
1) жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.
2) Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет