Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.
Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұрнысты негізінен жалақы мөлшерін анықтауға тоқталады. Жүмыс беруші кәсіпорынның ұсынатын жалақы мөлшері мен жұмыс күшінің қажет ететін жалақы мөлшерін топтастырып анализ жасау арқылы тепе- тең жалақы мөлшері анықталады.
Жалпы алғанда еңбек нарығы басқа ресурстар нарығынан өзгеше, бүдан да терең зерттеуді қажет ететін нарық.