Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А, мұнда А – амортизация.
ҰТ – ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстарының жиынтығы.
Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар, немесе
ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы
ЖТ – ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап трансферттік төлемдерді қосу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |