«теміртау қаласының №21 орта мектебі» кмм


-тапсырма. Оқыған мәтін мазмұнына сәйкес қаншалықты дәрежеде сурет сала алатыныңды анықта



бет10/10
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#17385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3-тапсырма. Оқыған мәтін мазмұнына сәйкес қаншалықты дәрежеде сурет сала алатыныңды анықта.

4-тапсырма. «Адасқан сөйлемдер» стратегиясын пайдалана отырып кестеден екі дұрыс сөйлемді құрастыр.

уақытта

көп




дамыған




ХIХ

техниканың




түрлері







қазіргі

жаңа

ғасыр

қарыштап




компьютердің




үшін

өтеу




қажеттілікті




кезеңі


5-тапсырма. Жұртшылыққа хабар тарататын «Ақпарат ұғымы» тақырыбында кластер жасаңыз.


6-тапсырма. Мәтіннен алған біліміңізге байланысты төмендегі кестені толтырыңыз.


Маңызды мәлімет

Түсініктеме

ХIХ ғасыр-техника ғасыры




Қоғамдық ақпараттандыру туралы өз түсінігіңізді жазыңыз.




Мәтін бойынша Сізге қандай сұрақтар туындады?







4


Пайдасы мен зияны қатар жүретін бұл ұялы телефон…

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.



Ұялы телефонның зиянын алғаш рет тышқандар сезген. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды.

Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі.

Әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері жоқ. Телефонды алдымен қосып, сосын құлаққа апарып сөйлесуіміз керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді...



Жабық сұрақ.

1-тапсырма. Нью-Йоркте ұялы байланыстың базалық станциялары қай жылдары орнатылды?

А. 1979 ж.

Б. 2000 ж.

В. 1975 ж.

С. 1973 ж.
Жабық сұрақ.

2-тапсырма. 10 жыл бойы ұялы телефонды үзбей қолданған адам қандай ауыруға шалдығуы мүмкін?

А. Жүрек қан тамырлары ауруына шалдығуы мүмкін.

Б. Мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.

В. Бүйрек ауыруына шалдығуы мүмкін.

С. Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдығуы мүмкін.
Ашық сұрақ.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауа беріңіз. /жазбаша/




Иә

Сұрақтар

Жоқ

1




3 жастан 6 жасқадейінгі балаларға телефон беруге болады ма?




2




Әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері жоқ па?




3




Алдымен құлаққа апарып, сосын қосып сөйлесуіміз керек пе?




4




Алдымен оны қосып, сосын барып апаруымыз керек пе?




5




Ұялы телефонның зиянын алғаш рет тышқандар сезген бе?




6




Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары қарапайым телефон,телеграмма н\е хат жазу еді...





Ашық сұрақ.

4-тапсырма. «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбына эссе жазыңыз.



5

Жазғы киім: сұлу да, жылу да болсын.

Дүние есігін енді ашқан нәрестені ыстық күндері қалай киіндірген дұрыс? Сәл әріден ойланар болсақ, ыстық күндері балаға кигізетін киімнің басты ерекшелігі - оның дене қызуын қалыпты деңгейде сақтауы, ал терісін тікелей күн сәулесінен қорғау керек екенін есімізден шығармауымыз керек.

Егер жазғытұрым үлкендер қалың киінуден қашса, кішкентайларды керісінше, жылырақ киіндірген дұрыс. Мұнің себебі, жас баланың денесіндегі жылуды реттеу жүйесі толық қалыптаспағандықтан, олар «құс қанатымен» тоңып қалады, сондай-ақ ыстықтауы да лезде.

Бала тым ыстықтап кетсе, оның сіңірлері тартылып, тіпті, есінен айырылып қалуы да мүмкін. Тоңып қалса, суық тиіп, тұмауратуы да ғажап емес.

Осындай жайсыз жағдайға тап болмау үшін, сәбидің дене қызуын үнемі қадағалап отыру қажет. Оны білудің ең оңтайлы әдісі - сәбидің желке тұсын сипап көру. Егер бала ыстықтап жатса, ол мазасызданып, беті қызарып, денесі терлеп, ерні кеберси бастайды. Тоңып жатса да мазасы болмайды. Сәбидің желкесін ұстағанда сұп-суық болса, бұл оның тоңып қалғанының белгісі.

Бір ескертетін жайт, әр баланың өзіндік мінезі бар, кей бала тоңғанына, я ыстықтағанына қарамастан үн-түнсіз, тып-тыныш жата беруі де мүмкін. Сондықтан бала жыламаса да, ауық-ауық оның жай-күйін бақылап тұру керек.



1-тапсырма. Бұл мақалада автор не айтқысы келді?

А. Жас баланы жаз мезгіліне сай киіндіру орайында тек ауа райына иек арту керек.

В. Ыстық күндері балаға кигізетін киімнің басты ерекшелігі - оның дене қызуын қалыпты деңгейде сақтауы, ал терісін тікелей күн сәулесінен қорғау керек екенін естен шығармау аса маңызды.

С. Әр ата-ана ыстық және суық күндерге қарамастан, баланы өз қалауынша киіндіреді.

D. Балаға арналған жазғы киімдердің сұлу болғаны дұрыс.

Е. Өзіңізбен бірге серуенге баланың бірнеше киімін (жылысын да, жұқасын да) ала шыққан абзал.



2-тапсырма. Артық суретті табыңыз.





3-тапсырма. Мақалада жас баланың денесіндегі жылуды реттеу жүйесін білудің бірнеше белгісі жайлы айтылған.

1. .........................................................................................

2. .........................................................................................

3. .........................................................................................



4. .........................................................................................
4-тапсырма. «Дені сау бала – ұрпақ болашағы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет