1
Жыл мезгілдері
Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс. Наурыз, сәуір, мамыр көктем айлары. Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Көктем туғанда, ерекше мереке Наурыз мейрамы тойланады. 22 наурыз – шығыс халықтарының жаңа жылы. Наурыз парсы сөзі, “Жаңа күн” деген мағынаны береді. Жылдың төрт мезгілінің бірі – жаз. Маусым, шілде, тамыз – жаз айлары.
Жазда шыққанда, күн ыстық, ашық болады. Жаңбыр аз жауады. Күн ұзақ, түн қысқа болады.
Күз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары. Күз келгенде, күн қысқарады, түн ұзарады. Қараңғылық ерте түседі. Жаңбыр да жиі-жиі жауады. Ал адамдар қысқа әзірлікке кіріседі. Күз - ерекше мезгіл. Қазақ күзді қоңыр күз, күрең күз деп атайды. Ең әдемі де ерекше мезгілдің бірі – қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары.
Күзден кейін қыс келеді. Қыс түскенде дала, орман, үйлер де ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатады. Жыл мезгілдерінің ең суық та қаһарлы кезі – осы қыс айлары. Бір жылда 365 күн бар. Бір айда 30 күн бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Достарыңызбен бөлісу: |