Темучин Шыңғыс хан



Дата22.12.2023
өлшемі187,06 Kb.
#142811
Байланысты:
Моңғол Алтын Орда Ақ Орда — копия


  1. Темучин (Шыңғыс хан) дүниеге келген жыл.

  1. 1180 жыл

  2. 1155 жыл

  3. 1120 жыл

  4. 1170 жыл

  5. 1195 жыл




  1. Темучин талқандаған 1203-1204 жылдары талқандаған халықтар.

  1. Ұйғыр, татар, орыс

  2. Оғыз, қырғыз, грек

  3. Керейіт, найман, меркіт

  4. Парсы, ауған, араб

  5. Тәжік, иран, түрік




  1. Темучин бүкіл моңғолдық құрылтайда хан (әмірші) болып сайланған жыл.

  1. 1200 жыл

  2. 1210 жыл

  3. 1215 жыл

  4. 1206 жыл

  5. 1220 жыл




  1. Шыңғыс ханның нақыл сөздерінен, әскери және азаматтық заңдардан тұратын заңдар жинағы.

  1. «Сали ақиқаты»

  2. «Яса» («Жасақ»)

  3. «Азамат құқықтары»

  4. «Құқық нормалары»

  5. «Петиция»




  1. Моңғол империясының орталығы (астанасы)

  1. Қарақорым

  2. Балықты

  3. Битөбе

  4. Янгикент

  5. Маракана




  1. Шыңғыс хан жайлы нақты дерек алғысы келіп, Моңғолияға елшілік аттандырған Хорезмшах билеушісі

  1. Мамун

  2. Харун Рашид

  3. Абдуллах

  4. Шахмәлік

  5. Мұхаммед

  1. Шыңғыс хан Отырар қаласына 500 түйеден тұратын 450 адамы бар сауда керуенін жіберген жыл.

  1. 1210

  2. 1215

  3. 1211

  4. 1218

  5. 1229




  1. Моңғолиядан келген Шыңғыс хан саудагерлерін тыңшылар деп айыптап, өлтіруге бұйрық берген Отырар билеушісі.

  1. Қадыр-Буке

  2. Ғайыр хан

  3. Шахмәлік

  4. Әмірсана

  5. Алан-хазар




  1. Отырар қаласында моңғолдар керуенін жою оқиғасының атауы.

  1. «Баласағұн опаты»

  2. «Ұлы дүрбелең»

  3. «Ұлы бетбұрыс»

  4. «Отырар опаты»

  5. «Зор секіріс»




  1. 1218 жылы дінаралық қарсылықты пайдаланған моңғолдар ... басып кірді.

  1. Сарыарқаға

  2. Мауараннахрға

  3. Кавказға

  4. Сібірге

  5. Жетісуға




  1. Моңғолдарға соғыссыз қақпасын ашып, «Қайырымды қала» атанған қала.

  1. Тараз

  2. Баласағұн

  3. Сығанақ

  4. Янгикент

  5. Үргеніш




  1. Шыңғыс хан Қазақстан аумағына ... әскермен соғыс ашты.

  1. 100 мың

  2. 250 мың

  3. 300 мың

  4. 120 мың

  5. 150 мың




  1. Отырарды қоршауға алған Шыңғысханның ұлдары:

  1. Шағатай, Үгедей

  2. Төле, Шағатай

  3. Жошы, Үгедей

  4. Жошы, Төле

  5. Шағатай, Төле




  1. Шыңғыс ханның өзі негізгі күштермен аттанған қала.

  1. Ашнас

  2. Сарайшық

  3. Бұхара

  4. Йасы

  5. Суяб




  1. Сырдарияның төменгі бөлігін бағындыруға аттанған моңғол қолбасшысы.

  1. Шағатай

  2. Үгедей

  3. Төле

  4. Мұқылай

  5. Жошы




  1. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сығаннаққа жақын келген жыл.

  1. 1215

  2. 1217

  3. 1225

  4. 1228

  5. 1220




  1. Моңғолдарға қиян-кескі қарсылығы үшін толық жойылған Оңтүстік Қазақстан қалалары:

  1. Баласағұн, Йасы, Сарайшық

  2. Отырар, Сығанақ, Ашнас

  3. Суяб, Күнгіт, Тараз

  4. Түркістан, Имақия, Янгикент

  5. Тюмень, Тараз, Испиджаб




  1. Шыңғысханнан жеңілген Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі қашып кеткен ел.

  1. Иран

  2. Мысыр

  3. Үндістан

  4. Қытай

  5. Киев Русі




  1. Моңғолдар Қазақстан аумағын толықтай басып алған уақыт.

  1. 1219-1224 жылдары

  2. 1220-1228 жылдары

  3. 1225-1229 жылдары

  4. 1226-1230 жылдары

  5. 1232-1236 жылдары




  1. Шыңғыс хан қайтыс болған жыл

  1. 1225

  2. 1226

  3. 1227

  4. 1229

  5. 12230




  1. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін ұлдарына үлестіріп берген жердің атауы

  1. Дивани

  2. Инам

  3. Уакф

  4. Сойырғал

  5. Ұлыс




  1. Үш моңғол ұлысының шекаралары түйіскен жер.

  1. Сарыарқа

  2. Жетісу

  3. Мауараннахр

  4. Кавказ

  5. Сібір




  1. Моңғолияны өзіне мирас еткен Шыңғыс ханның кіші баласы

  1. Жошы

  2. Шағатай

  3. Үгедей

  4. Төле

  5. Мұқылай




  1. Шыңғысхан барлық немерелерінің ішінен Жошының мұрагері ретінде ... таныды.

  1. Батуды

  2. Орда Еженді

  3. Шайбаниді

  4. Беркені

  5. Тоқа-Темірді




  1. Бату хан Алтын Орданы билеген жылдар

  1. 1230-1250

  2. 1236-1245

  3. 1227-1255

  4. 1239-1246

  5. 1242-1259




  1. Қазақстан аумағындағы моңғолдар толық түркіленген ғасыр.

  1. XII

  2. XIV

  3. XI

  4. XVIII

  5. XIX




  1. Батуды «Сайын хан» («Ақылды хан») деп атаған тайпа.

  1. Орыстар

  2. Ноғайлар

  3. Қыпшақтар

  4. Оғыздар

  5. Наймандар




  1. XVI ғасырда жазылған «Шыңғыснама» кітабының авторы:

  1. М.Х. Дулати

  2. Қ. Жалайыри

  3. Бабыр шах

  4. Әбілғазы

  5. Өтеміс қажы




  1. Шыңғыс ханның Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауына сылтау болған оқиға:

  1. «Отырар опаты»

  2. «Ашнас опаты»

  3. «Сығанақ опаты»

  4. «Баласағұн опаты»

  5. «Испиджаб опаты»

  1. Моңғол имапериясының төрттен бір бөлігін ... құрады.

  1. Үгедей ұлысы

  2. Жошы ұлысы

  3. Шағатай ұлысы

  4. Төле ұлысы

  5. Мұқылай ұлысы




  1. Алтын Орданы Бату ханнан кейін басқарған інісі.

  1. Меңгу-Темір хан

  2. Мөңке хан

  3. Өзбек хан

  4. Берке хан

  5. Бердібек хан




  1. Берке ханның Алтын Орданы билеген (басқарған) жылдары:

  1. 1228-1254

  2. 1245-1259

  3. 1256-1266

  4. 1271-1284

  5. 1275-1286




  1. Алтын Орда хандарының ішінен бірінші болып ислам дінін қабылдаған хан.

  1. Төле

  2. Берке

  3. Бату

  4. Орда-Ежен

  5. Жәнібек




  1. Берке хан билік ет кезде Алтын Орда ... ресми түрде елшілік алмасты.

  1. Қытаймен

  2. Ресеймен

  3. Грекиямен

  4. Мысырмен(Египет)

  5. Осман империясымен




  1. Мысырда биілік жүргізген Қыпшақ даласынан шыққан сұлтан

  1. Махмұт

  2. Тұрсын

  3. Қамар-ад-дин

  4. Субедей

  5. Бейбарыс




  1. Алтын Ордада қаржы саласын, салық жинап, ішкі саясатты басқарған атқарушы биліктің органы.

  1. Диуан

  2. Инам

  3. Каштрий

  4. Брахман

  5. Дума




  1. Жошы ұлысындағы билеушілерден бірінші болып өз атынан теңге соқтырған хан.

  1. Бердібек

  2. Жәнібек

  3. Мөңке Темір

  4. Тоқтамыс

  5. Құбылай




  1. Алтын Орда мемлекетінде ханнан кейінгі келесі үлкен тұлға.

  1. Шад-түтік

  2. Патеси

  3. Атабек

  4. Беклербек

  5. Басқақ




  1. Алтын Ордаға саяси дербестікті алып берген Бату ханның немересі.

  1. Бердібек хан

  2. Жәнібек хан

  3. Мөңке Темір хан

  4. Тоқтамыс хан

  5. Құбылай хан




  1. Алтын Ордада диуанның басында ... тұрды.

  1. Беклербек

  2. Атабек

  3. Инал

  4. Тархан

  5. Уәзір


  1. Алтын Орданың сол қанатын басқарған Жошының үлкен ұлы.

  1. Тоқа Темір

  2. Орда Ежен

  3. Берке

  4. Құбылай

  5. Төле




  1. Алтын Орданың сол қанатының орталығы

  1. Испиджаб

  2. Сығанақ

  3. Тюмень

  4. Хорезм

  5. Үргеніш




  1. Қазақстанның солтүстік-батыс жерлерін иеленген Жошының ұлы

  1. Орда Ежен

  2. Берке

  3. Тоқа Темір

  4. Шайбан

  5. Мөңке Темір




  1. Алтын Ордада салық жинауды іске асырушылар.

  1. Тархандар

  2. Абыздар

  3. Басқақтар

  4. Беклербектер

  5. Нояндар




  1. Алтын Ордада Мөңке Темір билік құрған жылдар.

  1. 1233-1258

  2. 1270-1286

  3. 1259-1262

  4. 1265-1269

  5. 1267-1280




  1. Алтын Орда өзінің ең жоғарғы өркендеу деңгейіне жетті.

  1. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында

  2. Тоқтамыс пен Ахмет хан тұсында

  3. Бердібек хан мен Мамай хан тұсында

  4. Ахмет хан мен Ерзен ханның тұсында

  5. Берке хан мен Мамай хан тұсында




  1. Замандастары «кісілігі мол, даңқты да ержүрек» адам ретінде сипаттаған Алтын Орда ханы.

  1. Мамай хан

  2. Ахмет хан

  3. Ерзен хан

  4. Тохты хан

  5. Өзбек хан




  1. Алтын Орда мемлекетін Өзбек хан билік еткен жылдар:

  1. 1305-1333

  2. 1308-1324

  3. 1382-1395

  4. 1312-1342

  5. 1354-1368




  1. Алтын Орданы Өзбек ханнан соң билік еткен ұлы:

  1. Жәнібек хан

  2. Тохты хан

  3. Мамай хан

  4. Тоқтамыс хан

  5. Берке хан




  1. Өзбек ханның ұлы Жәнібек ханның Алтын Орданы билеген жылдары:

  1. 1346-1365

  2. 1342-1357

  3. 1369-1375

  4. 1320-1330

  5. 1301-1334




  1. Алтын Орда қалаларының ерекшелігі:

  1. Үлкендігімен

  2. Өзен жағасында орналасуымен

  3. Қамал-қорғандардың болмауымен

  4. Шеберханалар мен теңге сарайларының болуымен

  5. Шекаралас аймақтарға салынуымен




  1. Бату ханның батысқа, яғни Еуропаға жорық жасаған жылдары:

  1. 1236-1242

  2. 1320-1330

  3. 1210-1220

  4. 1410-1420

  5. 1330-1350




  1. Бату хан салдырған Алтын Орданының алғашқы орталығы:

  1. Тушпа

  2. Хаттуса

  3. Мемфис

  4. Урга

  5. Сарай




  1. Берке хан билік еткен кезінде Алтын Орданың орталығы көшірілген қала.

  1. Алмалық

  2. Сығанақ

  3. Кедер

  4. Сарай Берке

  5. Күлтөбе




  1. Қалаларға «әскердің кіруіне кедергі жасамау үшін қамал-қабырғалар мен қақпалар болуына рұқсат етілмеді»-деп Алтын Орда қалалары туралы жазған саяхатшы.

  1. П. Карпини

  2. В. Рубрук

  3. Марко Поло

  4. Якуб

  5. Потанин


  1. Алтын Орда тағына Жәнібек ханнан соң отырған ұлы.

  1. Ахмет хан

  2. Құбылай хан

  3. Мамаш хан

  4. Бердібек хан

  5. Тахир хан




  1. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Ордадан бөлініп, Ақ Орда ұлысын құрғандар:

  1. Орда Ежен ұрпақтары

  2. Тоқа Темір ұрмақтары

  3. Шайбан ұрпақтары

  4. Берке хан ұрпақтары

  5. Мамай хан ұрпақтары




  1. Алтын Ордада Жәнібек ханның ұлы Бердібек ханның билік құрған жылдары:

  1. 1302-1306

  2. 1392-1396

  3. 1312-1333

  4. 1357-1359

  5. 1361-1380




  1. 1380 жылы Алтын Орда билеушісі Мамайды Куликова шайқасында талқандаған Мәскеу князі

  1. Дмитрий Донский

  2. Ярослав Мудрый

  3. Юрий Долгорукий

  4. Владимир Мономах

  5. Иван Грозный




  1. Әмір Темірдің қолдауымен Мамайдан Алтын Орда билігін тартып алған хан.

  1. Ахмет

  2. Тахир

  3. Әмірсана

  4. Тоқтамыс

  5. Дабашы




  1. Тоқтамыс хан Мәскеу қаласын өртеген жыл.

  1. 1360

  2. 1371

  3. 1382

  4. 1406

  5. 1420




  1. Әмір Темір Алтын Ордаға үш рет жорық жасаған жылдар:

  1. 1203, 1260, 1268

  2. 1389, 1391, 1395

  3. 1405, 1410, 1456

  4. 1502, 1512, 1560

  5. 1310, 1312, 1314




  1. 1395 жылы тақтан түскен Алтын Орда ханы

  1. Жәнібек хан

  2. Тохты хан

  3. Мамай хан

  4. Тоқтамыс хан

  5. Берке хан




  1. 1404 жылы Тоқтамыс хан қаза тапқан жер.

  1. Сарай-Берке қаласында

  2. Каспийдің жағасында

  3. Түмен қаласының маңында

  4. Испиджаб қаласының маңында

  5. Алтай тауының етегінде




  1. Бату ханның Батыс елдеріне жорыққа аттанған уақыты.

  1. 1230 жыл

  2. 1225 жыл

  3. 1249 жыл

  4. 1355 жыл

  5. 1236 жыл




  1. Моңғол шапқыншылығы туралы; «Бұл күн мен түн жаратылғаннан бастап, адамзат білмеген қасірет болды. Жылнамаларда осыған дейін мұндай апат сипатталмаған»-деп жазған араб тарихшысы.

  1. Ибн әл-Асир

  2. Ибн Сина

  3. Әл-Фараби

  4. Рузбихан

  5. Марко Поло




  1. Алтын Орданың алғашқы орталығы- Сарай қаласы орналасқан өзен жағасы.

  1. Жайық

  2. Сырдария

  3. Тобыл

  4. Енисей

  5. Еділ




  1. XIII ғасырдың ортасынан XV басына дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген мемлекет.

  1. Қарахан

  2. Астрахань

  3. Қырым

  4. Ақ Орда

  5. Қазан хандығы




  1. Рашид-ад-диннің айтуынша XIV ғасырда Жошы ұлысының ... бөлігін үлкен ұлы Орда Ежен басқарды.

  1. Батыс

  2. Шығыс

  3. Оңтүстік

  4. Солтүстік

  5. Оңтүстік-батыс




  1. Ақ Орда өзінің шарықтау шегіне жетті.

  1. XII ғасырдың ортасында

  2. XI ғасырдың басында

  3. XIV екінші жартысында

  4. XVII аяғында

  5. XVIII аяғында

  1. Ақ Орданың орталығы болған қала.

  1. Янгикент

  2. Сайрам

  3. Йасы

  4. Сығанақ

  5. Тюмень




  1. Алтын Ордаға тәуелділікті түпкілікті жойған Ақ Орда хандары.

  1. Ерзен мен Мүбәрак қожа хандар

  2. Қамар-ад-Дин мен Сартақ хандар

  3. Ілияс-Қожа мен Тоғырыл хандар

  4. Даян мен Күшлік ханжар

  5. Жамұқа мен Бұйрық хандар




  1. XIV ғасырдың 60-70 жылдары билік құрған және Ақ Орданы айтарлықтай нығайтқан хан.

  1. Мүбәрак қожа

  2. Ерзен

  3. Ұрыс хан

  4. Сартақ хан

  5. Даян хан




  1. Ақ Орданың әлсіру себебі:

  1. Осман империясының шапқыншылығы

  2. Қытайлардың шапқыншылығы

  3. Арабтардың соғыс ашуы

  4. Иранмен соғыс

  5. Әмір Темірдің шапқыншылығы




  1. 1423-1428 жылдары Ақ Орданы билеген Ұрыс ханның немересі.

  1. Сасы-Бұқа хан

  2. Барақ хан

  3. Ерзен хан

  4. Тоғым хан

  5. Сартақ хан




  1. Барақ хан 1425 жылы соғыс ашқан Әмір Темірдің немересі.

  1. Ұлықбек

  2. Бабыр

  3. Ибраһим

  4. Һарун Рашид

  5. Хосейн




  1. Ақ Орда билеушісі Барақ хан Әмір Темірдің немересі Ұлықбекке соғыс ашып 1425 жылы қайтарып алған қаласы.

  1. Янгикент

  2. Сайрам

  3. Йасы

  4. Сығанақ

  5. Тюмень




  1. Ақ Орда билеушісі Барақ хан қайтыс болған жыл.

  1. 1415

  2. 1420

  3. 1422

  4. 1450

  5. 1428




  1. Барақ хан қайтыс болған соң Ақ Орда билігі Шайбани ұрпағы ... қолына өтті.

  1. Көшімнің

  2. Ибақтың

  3. Ахметтің

  4. Сартақтың

  5. Әбілқайырдың




  1. Орда Ежен және оның мұрагерлерінің жері:

  1. Шығыс Дешті Қыпшақ

  2. Батыс Дешті Қыпшақ

  3. Жайықтан Кавказға дейін

  4. Еділден Дунайға дейін

  5. Жетісу мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстан






Марко Поло бұл хан туралы былай деп жазды: «Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді, олардың меншікке құқығын бұзбады, олардың арасына өз адамдарын қойды. Бағынған елдің адамдарын қорғады. Ешқандай да зиян шекпейтіндігіне көзі жеткен тұрғындар оған жән-тәнімен берілді. Бұрынғы дұшпаннан енді адал қызметшілеріне айналды».


ХІІІ ғасырдың басында Ертістен Дунайға дейінгі дала кеңістігінде половецтердің жайылымдары орналасты. Ұлы ханның жоспары бүкіл Азия мен Шығыс Еуропаны жаулап алу еді. Соғыс жаңа жайылымдар алу, байлыққа ие болу, сонымен бірге монғол қоғамын біріктіру мақсатында жүргізілді. Қазақстан аумағына жорығын шамамен 150 мың әскерімен бастады. Сөйтіп, монғолдар Қазақстан аумағын 1219-1224 жылдары толықтай басып алды.
Хан тірі кезінде-ақ, ұлдарының әрқайсысына жер үлесін бөліп берді. Үлестірілген жерлер ұлыстар деп аталды. Қазақстан аумағы үш үлкен ұлының ұлыстары құрамына енді.



  1. Марко Поло жазбасында сипатталған тұлға:

  1. Батый хан

  2. Жошы хан

  3. Шыңғыс хан

  4. Жәнібек хан

  5. Қасым хан


  1. ХІІІ ғасырда монғолдар шапқыншылығына дейін Алтайдан Дунай аралығында қоныстанған тайпалар:

  1. Хорезмдіктер

  2. Қыпшақтар

  3. Печенегтер

  4. Оғыздар

  5. Қимақтар




  1. Картаны пайдалана отырып Қазақстан аумағын алып жатқан Шыңғысханның ұлдарын көрсетіңіз:

  1. Жошы, Шағатай, Төле

  2. Жошы, Шағатай, Жебе

  3. Жебе, Сүбедей, Күшлік

  4. Үгедей, Жошы, Шағатай

  5. Төле, Үгедей, Жошы




  1. Картаны пайдалан отырып Шағатай ұлысын көрсетіңіз:

  1. Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстан

  2. Ертістен батыста Еділге дейін

  3. Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысы

  4. Бүкіл Орталық Азия

  5. Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі




  1. Шыңғысханға жаулап алған жердегі халықтардың өз еркімен берілуінің басты себебі:

  1. Салық жүйесінен босатуы

  2. Үлестік жерлерді таратуы

  3. Әскер құрамына алуы

  4. Мәдени орындарды сақтап қалуы

  5. Дінге қысымшылық жасамауы




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет