Теорема туралы түсінік. Теорема, оның түрлері және дәлелдеу әдістері. Теоремаларды дәлелдеудің жалпы әдістері



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі79,4 Kb.
#72975
1   2   3
Байланысты:
Айтбай Ұлжан Дәріс 7

Дәлелдеу ережелеріне жататындар: 1)тезис немесе дәлел (аргумент) анық немесе дәл анықталған пайым болу керек; 2)тезис бүкіл дәлелдеу барысында өзгеріссіз қалпын сақтайды; 3)тезисте логикалық қарама-қайшылықтың болмауы; 4)дәлелденуге тиісті тезис, бұрын бұл мәселе жөнінде айтылған пайымдардан қайшылықта болмауы тиіс; 5)тезистің дұрыстығын негіздейтін дәлелдер бір-бірімен қарама-қайшылықсыз болуы қажет; 6)тезис пен аргументтерде негізделген деректер болуы тиіс; 7)дәлелдеу толық болуы қажет; 8)аргумент тезиске тәуелсіз өз алдына дәлелденген пайым болады.

Теореманы логикалық жолмен дәлелдеу


Теореманы оқушылардың бұрыннан білетін материалдарына сүйеніп, оларды негізге ала отырып логикалық жолмен дәлелдейтініміз белгілі. Дәлелдеу процесінде қарастырылып отырған теорема мен өтілген теоремалар арасындағы логикалық байланысты көрсету үшін бір-екі теорема алып, олар “бұрынғы” қандай теоремалар арқылы дәлелденетінін схема сызып түсіндірген жөн.
Мұғалім әрбір келесі теореманы дәлелдеу үшін қандай өткен материалдарды қайталап келуді дер кезінде оқушыларға тапсырып отырғаны жөн. Егер тапсырма алдын ала берілмеген болса, онда мұғалім теореманы дәлелдеу процесінің қай жерінде, өтілген қандай материалдың, қалай қолданылып жатқанын, толық түсіндіруі қажет және кейін сол теореманы қайталағанда оқушылардың өткен материалдарды қалай пайдалана білетінін тексеру керек.
Оқушыларға теореманы дәлелдей білуді үйрету үшін мұғалім алғашқы теоремадан бастап төмендегідей жұмыстар жүргізу керек:
а) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
ә) Әуелгі кезде оқушылардың интуициясын, өмірде көрген білгендерін, көрнекіліктерді кең түрде пайдаланып, біртіндеп логикалық дәлелдеуді үйрете беру.
б) Теоремалардың өмірде қолданатын орындарын көрсетіп, практикалық жұмыстар жүргізу.
в) Теорема қолданылып шешілетін есептер арқылы оқушыларды пәнге қызықтыру.
Оқушылардың ой желісін үзбей жүйелі түрде баяндап беру тәжірибесі және әрбір айтылған ойын толық дәлелдеп берерліктей дағдысы болмағандықтан теореманы дәлелдеу алғашқы кездері қиынға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет