Ғылыми жетекші – З.М. Жанадилова,
аға оқытушы
ЖАЗУЫ ЛАТЫН ƏЛІПБИІ НЕГІЗІНДЕ
Жазу – ұлттың мəдениеті мен əдебиетін, тарихын өткеннен бүгінге, бүгіннен болашаққа
жеткізетін құдіретті құрал. Технологияның қарыштап дамыған əрі əлемдік мəдениеттің
кіріккен уақытында өркениет өрісінен тыс қалмау үшін ұлттық құныдылықтарды сақтай,
əдеби мұраларымызды жаңғырта отырып жаңа үлгідегі əліпбиге көшу бүгінгі күн талабының
бірі.
«Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мəртебелі жол. Осы
жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Əрбір күніміз мерекелі, əрбір ісіміз берекелі болсын!
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі əлемді таң қылып, Жасай
берсін Елдігіміз Мəңгілік! – деп жолдау-сөзін аяқтаған Қазақстан Республикасының
Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мəңгілік ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары
«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға тартты [1]. «Қазақстан –
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауының «Қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлығы» туралы бөлімінде – «Қазақ
алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан
қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне
айналдырады», – деген болатын [2].
Жоғарыда айтылған мемлекет басшысының ұсынысы бүгінде ел ортасы мен
ғалымдардың, зиялы қауым арасында талқылануда. Өткенге көз жіберсек, жазу туралы
мəселе қазақ тарихында əр кез талқыланып, түрлі айтыс-тартыстардың қоғамдық санаға жол
тартқаны бізге белгілі. Мысалы 20-40-жылдары арасында жазу туралы түрлі пікірлер
туындаған болатын. Бұл уақыттарда қазақ жазуы үш түрлі кезеңді бастан кешірді. 20-
жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген əліпби болды. Араб əліпбиінде ұқсас
əріптердің көптігі жəне олардың бір-бірінен қосалқы белгілер арқылы ғана ажыратылуы, бір
əріптің сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында түрліше таңбалануы, бас əріпінің жоқтығы
сандық белгілердің керісінше оңнан солға таңбалануы сауат ашуда, оқыту ісінде, баспа
техникасы үшін қиындықтар туғызғандығы желеу болып, діни саясаттың да өзіндік əсеріне
217
байланысты жазудағы өзгеріс орын алды. Көп ұзамай араб тілді кітаптар тəркіленді,
жойылды. Араб тілді басылымдарды оқығандар, осы тілдегі кітап ұстағандар қуғынға
ұшырады.
7-тамыз 1929 жылы қабылданған КСРО- ның араб жазуын қолданатын елдердің латын
əліпбиіне көшуі туралы қаулысынан кейін, ғалымдардың пікірлерінде сауат ашуда да, баспа
техникасын дамытуда да ілгерілеудің болғандығы айтылады. Латын əліпбиіне көшу
мəселесін алғашқы болып көтерген əзірбайжан ғалымдары болды. 20-жылдың қазақ
интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, оқушы жастар, оқытушылар латын əрпіне
негізделген жаңа əліпбиге көшу мəселесін көтеріп, осы жаңа əліпби төңірегінде айтыс-
тартыстар өрбіді. Əліппе мəселесіне байланысты ұлт зиялылары екі қанатқа бөлінді. Оның
бірі - А. Байтұрсынов бастаған зиялылар болса, екіншісі латын əрпіне көшу мəселесін
көтерген Нəзір Төреқұлов, Мұхтар Мурзин тобындағы ұлт өкілдері еді.
1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінде А.
Байтұрсыновтың «Төте жазу əліппесі» зиялылар тарапынан кең қолдау тауып, аталмыш
съезде қабылданған болатын.
1926 ж. ақпан- наурыз айларында Баку қаласында өткен Бүкілодақтық 1-түркологиялық
съезде латыншылар мен арабшылар арасында Латын əліпбиін насихаттаған Нəзір
Төреқұловтың 1924 жылы «Жаңа əліпби неге керек?» деген кітабы Мəскеуде жарық көрді.
Əліпбиді өзгерту мəселесінің қайдан шыққандығына тоқтала отырып, латын əріпіне көшудің
негізгі себебі араб əріпінің оқу мен жазуда қолайсыздығында деп көрсетті. Арабшылдардың
ұстанған позициясының басымдығына қарамастан съезд түркі халықтарыныңың латын
графикасы негізінде жасалған əліпбиді қабылдауын дұрыс деп шешкен болатын.
1927 жылы латын əрібін алу жолындағы білімпаздардың арасында болған айтыс-
тартысын жинақ ретінде Кəрім Тоқтабаев пен Мұхтар Мурзин Қазақстан жаңа əліппе
комитетінің тапсырмасымен Қазақстан мемлекеттік баспасынан «Жаңа əліппе жолында»
деген атпен кітап ретінде бастырып шығарды. Бұл жинаққа латын жазуына көшуді ұсынған
бастамашылар Н. Төреқұлов пен М. Мурзиннің сөйлеген сөздерінен бастап, В. Бартольд, Л.
Жирков сияқты атақты ғалымдардың да жаңа əліпбиге қатысты айтқан пікірлері енгізілді.
Осы съезінде ғалым-лингвист А.Байтұрсынов латын əліппесін қабылдаудың қажетсіздігін
баяндамасында баса көрсеткен болатын. Бұл баяндама 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне
жариялаған еді. А. Байтұрсынов араб əліппесін жақтап сөйледі. «Əуелі тіл дыбысына
жеткілікті болу, болмау жағынан салыстырып қарайық», – дей отырып, латын-араб əліпбиін
салыстырады, араб əріпінің тиімділігін, қолайлығын, маңыздылығын дəлелдеуге тырысты.[3,
325-б.]. Съезге қатысушылар екі топқа бөлініп, бірі араб əрібінің түркі халқы үшін
маңыздылығын айтса, екінші топ латынға көшудің аса қажеттігін дəлелдеді. А.Байтұрсынов
бастаған қазақ арабшылары латындандыруға қарсы болып, съезде реформаланған араб
əліпбиін қабылдаттыруға барлық күштерін салды.
«Латын əліппесі керек пе, керек емес пе деген таласты қойып, латын əліппесін қалай
еткенде дұрысырақ жүзеге асыруын сөйлесуіміз керек. Іске кірісуге мезгіл жетті», – деген
Т.Шонанов, латыншылар ұйымын ашуға белсене кірісуге шақыра отырып, əліппе мəселесіне
қатысты үш ағымның барлығын да атап өтеді.[4-22-б.]. Оның көрсетуінше, бірінші
ағымдағылар ескі араб əліппесінің түрін өзгертпей сақтауды көздеушілер, екінші
ағымдағылар араб əліппесінің кемшілігін мойындап, оны түзетуге бет бұрған жамаушылар,
ал үшінші ағымдағылар əлгі өзгерістен дым шықпайтындығын дəлелдеп, латын жазуына
көшуді қуаттаушылар.
1940 жылы славян жазуына негізделген орыс əліпбиі қазақ тіліне тəн əріптермен
толықтырылып, Ұлы Орыс елінің мəдениетін елдермен жақындастыратын, орыс елін жақсы
танытатын жазу ретінде қабылданған болатын. Орыс əліпбиінің басы артық əріптерінің бар
екендігі таралу шегінің славян халықтарымен шектелетініне қарамастан кеңестік өкіметтің
«кеңестік бір халық» саясатының «жақындасу» мен «бірігу» жоспары негізінде 1932-1933
жылдары латын жазуының орнын алмастыру қолға алына бастады. 1935-жылы КСРО халқы
кириллица жазуына көшірілді [5, 122-б.].
218
Жалпы, латын əліпбиіне көшу туралы əңгіме, пікірталас 1990-жылдардың басында
қайта көтерілді. Тіл жанашырлары, саясаткерлер халыққа өз пікірлерін білдірді. Мұнда да
ұсыныстар үш түрлі бағытта көрініс берді деп айтуға болады. Біріншісі көне орхон жазуына
негізделген жаңа əліпби қолдану. Екіншісі – орыс əліпбиін сақтап қалайық деген пікір.
Үшіншісі – латын əліпбиіне көшу деген пікір болды.
Академик Əбдуəли Қайдар бастаған зиялы қауым өкілдері жасаған ұсыныстары бүгінгі
күнге дейін құндылығын жойған жоқ деп ойлаймыз. Баспасөздегі «Латын əліпбиінің болашағы
зор» деген мақаласында, Латын графикасы негізінде қабылданатын қазақ əліпбиінің жобасын
ұсынып, түсініктемесін жазған академик Əбдуəли Қайдар төл дыбыстарымызды таңбалайтын
28 əріпке жеке-жеке тоқталып, «жазуды жаңғырту, жаңалу мəселесіне байланысты латын
жазуының болашағынан көбірек үміт етеміз. Пікір алысу мақсатымен латын тілінің жобасын
жариялап, өз ойымызды дəлелдеуге тырыстық. Латын да қазақ тіліне дайын тұрған жазу емес.
Оны да лайықтап үйлестіру керек», – деген болатын [6, 6-б.].
1990 жылдары жазылған тіл жанашырлары Ə. Ибатов пен А.Османованың «Қазақ
əдебиеті» газетінде «Жазуда ұлттық қасиет болу керек» – деген танымдық мақаласында,
жазуды – бабалар жазуы, аталар жазуы, біздің жазу, келешек жазуы деп жүйелі түрде тарата,
бөліп көрсетеді де, ұлттық жазу дəрежесіне жеткізуге болатын – латын жазуы туралы,
«Латын жазуы –қазір дүниежүзілік техника жазуы, дүниеге аты тараған көптеген құдіретті
елдің жазуы. Сондай қанатының ұшасы кең жазуды өз тіліміздің табиғи ерекшелігіне,
тіліміздің өзіндік ішкі заңына лайықтап алсақ, ол бізге ұлттық қасиетіміз сіңген жазу болып
шығар еді деп ойлаймыз», – деген пікір білдіреді [7, 11-б.].
Еліміздің ертеңі бүгіннен басталады. Мəңгілік ел идеясы кешегі өткен ата-бабалар
армандаған, жол салған, бастаған істерінің рухани, заңды жалғасы. Бұл идея ендігі жерде
бүгінгі біздер арқылы келешекке жол алуы қажет. Ендігі жерде біздің еліміздегі латын
жазуын қабылдауға деген ниеттің бəрі де мəңгілік елдің əлем бедеріндегі танылымы мен
жоғары мəдениетінің əдебиеті, тарихының түсініктілігі жəне Қазақ елінің беделі .
Біздің жазба құндылықтарымыз, дереккөздеріміз толығымен кириллицамен жазылып
болды деп айта аламыз. Кирилл əріпімен жазылған дүниені латын əріпіне аудару көп
қиындықтар тудырмайды. Қазіргі заман талабына сай жазба деректер, мұрағат құжаттары
мүмкіндігінше электрондық тасымал құралдарына көшіріліп жатыр. Қазіргі кездегі
техникалық құралдарда сақталатын жазбаларды аудару арқылы жазба қорды толықтыруға
əбден болады. Ол ескірмейді, қажет кезінде басып шығару да тиімді. Томдарды ауыстыратын
құрылғыларды латын тілінде жазып шықсақ, мол мұрамызды жоғалтпасымыз анық..
Латын жазуына көшу арнайы жүйемен, сатылы түрде мектеп қабырғасынан бастау
алатындықтан, жаңа технологиялық үлгілердің қарыштап дамуы, түрлі əдістемелік – оқыту
үлгілерінің жаңашылдығы қазақ жазуының келешегін қамтамасыз етері сөзсіз. Түрлі тілдерді
үйренуге қабілетті жастарымыз, ғалымдарымыз жазу үлгісін жоғары деңгейдегі тіл үйрету
оқулықтары мен сөздіктер жасаудан бастайды деп ойлаймыз.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ». – 2014, 17 қаңтар.
2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен
Қазақстан. – 2012, 15 желтоқсан.
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. –Алматы: Жалын, 1991.
4. Смағұлова С. Орыс жазуына көшудегі іс-шаралар // «Отан тарихының методологиясы мен
концептуалдандырудың өзекті мəселелері» атты тақырыпта «Қасымбаев оқулары»
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰПУ, 2010. –
Б. 23-27.
5. Смағұлова С. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы латын əліпбиіне көшу мəселесі
тарихынан // Отан тарихы. – 2007, № 1 (37). – Б. 120-130.
6. Латын əліпбиінің болашағы зор // Ана тілі. – 1992, 24-қазан. – Б. 6.
219
7. Жазуда ұлттық қасиет болу керек // Қазақ əдебиеті. – 1993, 2-шілде. – Б. 6.
Г.Ж. Ташенова,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері
университетінің магистранты
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗҒА ҚҰНТТЫ БОЛАЙЫҚ
«Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани
əлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нəрсе емес,
сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді
қызықтыратын ұғыну, түсіну мəселесі көтеріледі. Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін
пəніне көзімен көріп, қолымен ұстап «сыртқы» əлемнен «сыртқы тəжірибе» арқылы жететін
болса, рухани ғылымдарға бұған қарама - қарсы тəсілмен əрекет ету керек. Рухани əлемді тек
«эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып,
соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану, немесе
нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылымдарды түсіну,
ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек, əркім өз
санасынан өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек. Табиғатты біз түсіндіреміз, сипаттаймыз, ал
рухани өмірді ұғынамыз. Табиғат құбылыстары қайталанбалы нəрсе, сондықтан да оларды
тəжірибе жүзінде бақылауға болады, ал рухани ілім объектілері, мысалы тарихи факті өмірде
жалғыз рет қана орын алады, бірегей, сондықтан да ешбір тəжірибе жүзінде бастапқы
қалпында қайталанбайды. Біз ешқашан Абайды өмірге қайта келтіре алмайтындығымыз
сияқты, ешқашан оның өмір сүрген кезеңін де, ондағы тарихи жағдайларды да бəз қалпында
қайталай алмаймыз. Нақты ғылымдарда біз абстрактілі жалпылауыш түсініктермен істес
болсақ, ал тарихи ілімдер немесе тағы да басқа рухани ілімдерді игеру барысында біз өзіміз
сияқты ерен жеке тұлғамен, оның ойымен, арман-мақсатымен кездесеміз. Басқаны
объективті түрде суреттеп, сипаттап, түсіндіріп беру мүмкін емес. Басқаны ұғыну, сезіну,
түсіну қажет. Құндылық – объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін
философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің
заңдылықтары туралы жалпы түсінік ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық
ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Құндылық объектінің
адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пəндік жəне субъективтік деген
екі бөліктен тұрады».
«Пəндік жəне субъективтік құндылық – адамның дүниеге қатынасының екі жағы,
біріншісі – оның объектісі, екіншісі – субъектісі. Сондықтан пəндік құндылық баға берудің
объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен əдісі болып табылады. Пəндік
құндылыққa заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, əлеуметтік игілік, ғасырлар
бойы қалыптасқан мəдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тəжірибелік
пайдасы, адамдардың іс-əрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи жəне
қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады». Санадағы құндылық ұғымына
қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат жəне оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі
нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мəніне,
т.б. баға беру қатынасынан тұрады.
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген əдет-ғұрыптар, нормалар мен мəн-
мағыналар қызметін өзіне бағындырады жəне реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің
объектісі бола тұра, əлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін
атқарады. Адaм өзін қоршаған заттық жəне рухани əлемді құндылықтар арқылы бағалайды.
Оның шынайы өмірге құндылықтық қaтынасы тек сана негізінде болуы мүмкін.
Құндылықтық сана заттың біз үшін қaншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін
зерттейді. «Құндылық – мəдениеттің құрамдас бөлігі. Мəдениеттің құрамдас бөлігі болуы
220
себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тəртібін
айқындайды. Мəдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық жəне рухани болып бөлінеді.
«Құндылықтардың мазмұны қоғамның мəдени жетістіктерімен шарттастырылған».
Құндылықтар əлемі, сөздің кең мағынасында, мəдениет əлемі деген сөз. Ол адамның рухани
қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының
елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі
ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. Этномəдениет бірлігі
болып табылатын «отан» концептінің басқа құндылықтар арасында ерекше орнын алады. Əр
халықтың өзіне тəн, тарихи-əлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір – тіршілігіне, тұрмыс –
салтына, дəстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани - материалдық, мəдени
құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы əлемге «Екінші
ұстаз» атанған Əл Фарабиды, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири
сияқты ғұламалардың даласы. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс
кезеңінің мəдени өміріне зор үлес қосқaн болып табылады. Тарих қатпарларынан
Қазақстанның мəдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол құндылықтарды сақтауына,
танып білуіне, рухани-мəдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама
ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың пaтриоттық тəрбиесінің асыл арналары.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тəлім-тəрбие қатысты қазыналарын жинақтап, оны
этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы
– этномəдениет қазыналары. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның саяси-əлеуметтік,
экономикалық, рухани-мəдениет саласында, əлемдік іргелі елдердің қатарынан орын алуы,
сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы мемлекет ретіндегі
белгіленген басты ұғымдар «Еркіндік, теңдік, татулық» – халқымыздың ғасырлар бойы
аңсаған, ерлікпен қол жеткізген жəне қорғаған асылы. Бұл үш түсініктің аясында,
мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы этномəдени білім беру
тұжырымдамасының мазмұнында: «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі
мен дінін, тарихы мен салт-дəстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің
еңсесін көтеруді азаматтық парыз деп ұғатын ұрпақ тəрбиелеу», – деп көрсеткендей,
еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен
өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеу міндеті тұр.
Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық мəдениетінің бай
мұралары, қазіргі «Этномəдениет тəрбиесі» негізінде жастардың отансүйгіштік тəрбиесі
міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын тəлімдік құрал болып саналады. Алайда, бүгінгі
жаһандану үрдісінің «отан» концептісі секілді өте ауқымды да маңызды ұғымға өз əсерін
тигізу қауіпі де жоқ емес. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың ұлттық құндылықтарға деген
көзқарастарының күнделікті əлеуметтік жағдайларға байланысыты өзгеріске ұшырау қауіпі
бар. Мысал келтіретін болсақ, жаһандық əлеуметтік үрдіс тұрғысынан қарасақ бүгінгі
қоғамда қоғам мүшелері ең алдымен сапалы өнімге мұқтаж ал, сапалы өнім алу алу үшін
өндірушінің сапалы білімі болуы керек. Осы тұста өз білімін тек өз саласында ғана жақсы
меңгерген мамандар сұранысқа ие болатын болса, оларға меңгеруге берілетін білімнің тек
кəсібіне қатысты білім салаларына оқу сағатының көлемі көп берілсе рухани немесе
гуманитарлық білім аясына берілетін оқу сағат көлемі тарылуы мүмкін. Мұндай жағдайда
ұлттық құндылықтарға өз əсерін тигізуі ықтимал. Осы орайда қазақ тіліндегі «отан»
концептісінің тарихына қарасақ, Ресейден бұрын Абайдың заманы тұсындағы сол кездегі ең
білімді адамның білуі керек барлық білімдері олардың айналасында қолжетімді болған.
Мəселен, «сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» деген сөз тіркесін алып қарасақ, сол кездегі
күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнерді меңгерген, танымал тұлғалардың еңбектері мен
тарихи жырларды жаттаған, айтыса алатын, жұртты ұйымдастыра алатын, үйінің сыртына
шықса мал немесе егін шаруашылығын жүргізуге ебі болған, салт-дəтүрді білетін, ата-
бабасының жерін қорғай алатын батырлық қасиеттері олардың құндылықтары жалпы
Қазақстан жері мен қазақтар туралы болған. Бертін келе, Ресеймен қосылғаннан кейін
əлбетте заводтар, фабрикалар бой көтергеннен кейін сол кездегі ең білімді адамның білуі
221
керек білім аясы күнделікті əлеуметтік жəне кəсіби қажеттіліктерге байланысты жырлар,
қиссаларды білу аясы физика, химия секілді ғылымдарға көбірек көңіл бөле бастағандықтан
тарыла бастады. Сол кездегі «отан», «отансүйгіштік» концептілері əрине Ресеймен
байланыстырылды.
Ал қазіргі жаһандану заманындағы қазіргі замандағы өз кəсібін жетік меңгерген
бəсекеге қабілетті адамның білуі керек білім аясы өте кең ауқымды қамтиды. Тіпті өз
кəсібінен бөлек олар қосымша ақпараттық технология, шет тілдері, тағы жұмысына қажетті
қысқа мерзімді курстардан өзін-өзі үнемі жетілдіру жұмыстарымен айналысып жүргенде
«отан» негізгі құндылықтарға өз əсерін тигізері белгілі. Десек те, ертеңгі ұрпаққа
қалдыратын ұлттық құндылықтарымыздың сапасын сарқылтпай жеткізу бүгінгі
Қазақстанның əр азаматының қасиетті борышы екенін ұмытпайық ағайын.
222
4 СЕКЦИЯ.
ҚАЗІРГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
СЕКЦИЯ 4.
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОЙ ГУМАНИТАРНОЙ НАУКИ
Н.А. Аскаров,
кандидат филологических наук, преподователь Университета
имени Сулейман Демиреля
ОСНОВНЫЕ ФАКТОРЫ ПОСТСОВЕТСКОЙ
ТРАНСФОРМАЦИИ СИСТЕМЫ СМИ КАЗАХСТАНА
Становление самостоятельной национальной системы СМИ Республики Казахстан
началось в 90-е годы ХХ века, после распада СССР и этот процесс не завершен до
сегодняшнего дня. Трансформирующаяся система СМИ Казахстана, находящаяся в
диалектическом взаимодействии с политической системой страны является одним из
факторов социально-экономических и политических процессов, затрагивающих все стороны
жизни многонациональной республики.
С момента провозглашения независимости Республика Казахстан активно приступила к
проведению реформы в разных сферах социально-экономической жизни общества, в том
числе и в области СМИ. 28 июня 1991 года был принят первый Закон Казахской ССР «О
печати и других средствах массовой информации». За основу этого закона был взят Закон
СССР «О печати и других средствах массовой информации» от 12 июня 1990 года. Именно
этот закон положил основу преобразования системы СМИ.
В формировании национальной системы СМИ Казахстана повлияли следующие
факторы: смена политического строя и переход к рыночным отношениям; отмена цензуры и
право на частную собственность; процесс национального госстроительства; ускорение
процессов дигитализации и конвергенции с активным развитием информационных
технологий; этнодемографические процессы; процессы глобализации, интеграции и
демассификации.
Кардинальные политическо-экономические реформы, проведенные в республике,
также существенно повлияли на типологическую характеристику СМИ. В результате
система СМИ Казахстана преобразовалась кардинально, в информационном пространстве
страны появились новые коммерческие издания, многопартийные, религиозные,
независимые СМИ, массовые издания бульварного типа, а также Интернет-СМИ и т.д.
Соответственно, за время, прошедшее с тех пор, аудитория СМИ и социальная структура
общества претерпели глубокие изменения.
Если в 1991 году в Казахстане издавалось 29 республиканских государственных газет и
43 журналов и выходили в эфир 21 теле- и радиоканал, то по состоянию на 1998 г. постоянно
действуют около 2000 СМИ, из которых около 75% являются негосударственными.
Все эти трансформационные процессы в области СМИ были возможными благодаря
тем правовым основам, заложенном на заре независимости республики.
В Казахстане с 2000 года наблюдается усиление процесс монополизацию
информационного рынка.
Процесс концентрации и холдингизации СМИ в Казахстане связан, в первую очередь, с
финансовыми трудностями СМИ. В связи с этим государством были предприняты
патерналистские и протекционистские меры с одной стороны, и с другой стороны
происходили процессы консолидации и холдингизации СМИ государственными органами и
крупными бизнес-структурами. В итоге на информационном пространстве страны появились
первые медиахолдинги и отдельные медиакомпаний, на основе которых формировался
223
отечественная медиаиндустрия. Небольшая емкость медиарынка с экономически точки
зрения особо не привлекает бизнес структур. Из-за этого они главным образом
предусматривает СМИ в качестве инструмента влияния. Эти процессы, произошедшие в
информационной поле республики, также оставили свои следы в типологической структуре
системы СМИ страны.
По данным Министерства культуры и информации, на 1 января 2011 г. в республике
зарегистрированы 233 действующие телерадиокомпании, из которых: телерадиокомпаний –
93 (из них 50 телекомпаний, 43 – радиокомпаний), операторов спутникового вещания – 6,
компаний кабельного телевидения – 134.
Государственные телерадиокомпаний – 14, негосударственные – 79 и один
государственный оператор спутникового вещания. 93 телерадиокомпании организовывают
вещание 113 телерадиоканалов.
В Казахстане 11 телеканалов и 5 радиостанций имеют республиканский статус.
На территории Казахстана функционируют 134 оператора сетей эфирно-кабельного и
кабельного телевидения, предоставляющих услуги платного многопрограммного
телевидения повышенного качества и уровня обслуживания. Среди их деятельности носит,
как правило, локальный характер. Данный сектор предоставлен несколькими крупными
операторами, такими как «Алма-ТВ», Grop TV, DIGITAL TV, Отау ТВ и др.
По оценочным данным Агентства РК по статистике на конец 2013 г. плотность
пользователей сети Интернет составляет 71,1% на 100 жителей, т.е. 11 940,3 тыс. человек.
Так прирост интернет-пользователей в сравнении с 2012 г. составляет 14,86%.
По данным АО «Казконтент» на данный момент количество просмотров сайтов
казахстанского сегмента сети Интернет равно 35 миллионам и 3 тысячам.
За последние двадцать пять лет становления казахстанская система СМИ наряду с
другими отраслями также росла, развивалась и выработала свои ориентиры. В настоящий
момент казахстанская система СМИ обрела свою форму, типологическую структуру и
направление.
В настоящее время СМИ Казахстана, несмотря на преимущественно общественной
характер, формировались как одна из отраслей информационно-коммуникационной
промышленности, то есть стали субъектом информационного рынка.
История становления и развития системы СМИ Казахстана в постсоветский период
отличается многогранностью, переходными характеристиками в условиях процесса
определения собственного пути развития посредством освоения передового опыта
отечественной и зарубежной журналистики, гормонизацией исторической преемственности с
рыночной экономикой и учетом современных медиатенденций.
В то же время, ускоренное развитие новейших информационных технологий и
появление новых форм и типов различных СМИ, а также новых медиа на основе этих
технологий, поставили перед общественностью некоторые вопросы, которые требуют своего
решения. Это, прежде всего, вопросы, касающиеся правового, общественного регулирования
системы СМИ, формирования и стандартизация единой системы терминов и понятий СМИ, а
также создания единого отраслевого классификатора в сфере СМИ. Для того, чтобы
выстроить эффективную систему функционирования СМИ в современном обществе
необходимо учитывать реалии сегодняшней жизни и медиатренды. В этом плане также
требуется
анализ
существующих
нормативно-правовых
актов,
регулирующих
информационные процессы и деятельности СМИ.
Вопросы подобного характера говорят о том, что требуются институциональные
реформы в процессе совершенстования системы СМИ Казахстана с учетом существующих и
прогнозируемых факторов.
224
На мой взгяд, новая модель национальной системы СМИ Казахстана ХХІ века должна
обеспечить:
- эффективное массовое информационное взаимодействие в обществе;
- формирование национальной идентичности;
- общественное согласие в стране;
- единство информационного пространства страны;
- соответствие новым вызовам современности;
- конкурентоспособность в динамично меняющемся мире.
Использованная литература:
1. Вартанова Е.Л. Постсоветские трансформации российских СМИ и журналистики [Серия:
Академические монографии]. – 2-е изд., испр. – М.: МедиаМир, 2014.
2. Ибраева Г. На перекрестке коммуникаций: журналистика, медиа Казахстана. – Алматы:
Қазақ университеті, 2013.
3. Иваницкий В.Л. Модернизация журналистики: методологический этюд. – М.: Изд-во
Моск. ун-та, 2010. – 360 с.
4. Нургожина С.И. Введение в журналистику. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.
5. Печать Республики Казахстан в 1991 году. Статистический сборник. Государственная
книжная палата Республики Казахстан / Составители: Сеитова А., Мамытбекова Б. – Алма-
Ата, 1992.
6. Система средств массовой информации России: Учебное пособие для вузов/ Под ред. Я.Н.
Засурского. – М.: АспектПресс, 2001.
Е.О. Артықова, А.Н. Ахметова,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары
Достарыңызбен бөлісу: |