Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы Пән: Молекулалық биология,медициналық генетика Тақырыбы



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі41,75 Kb.
#84379
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
тұқымқуалаудың ерекшеліктері

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тақырыбы: Тұқымқуалаудың ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар.
Жоспары:
1.
2.
3.
Адам патологияларын жіктеу медициналық генетиканың ең қиын мәселелерінің бірі болып келеді, сондықтан да барлық мамандардың көңілінен шығатын, түпкілікті құрастырылған тұқым қуалайтын аурулардың жіктелу жүйесі әлі күнге дейін жоқ. Бұл тұқым қуалайтын патологиялардың топтарын және формаларын ажырату үшін қолданылатын критерияларды таңдау кезінде туындайтын көптеген қиындықтарға байланысты болса керек. Қазіргі кезде, адамның тұқым қуалайтын аурулары 4 топқа бөлінеді: 1)Хромосомалық синдромдар – хромосомалар құрамының және санының өзгеруі салдарынан дамитын адам аурулары; 2) Моногендік аурулар бір генде пайда болған мутациялар салдарынан дамитын және Мендель заңдарына сәйкес тұқым қуалайтын адам аурулары; 3) Мендель заңдылықтарына өзгеше тұқым қуалайтын аурулар;4) Мультифакторлы аурулар – орта факторларының және тұқым қуалаушылықтың бірлескен әрекеттері нәтижесінде дамитын аурулар.Осы 4 топ шеңберінде әртүрлі принциптерге негізделген көптеген ұсақ топшаларды ажыратады; мысалы: мүшелік принцип бойынша (нерв жүйесінің, қаңқа, көз т.б тұқым қуалайтын аурулары); тұқым қуалау типі бойынша (аутосомды – доминантты, Х – тіркескен рецессивті аурулар); патогенез тетіктерінің (механизмдерінің) ұқсастығы принципі негізінде т.б
Қазіргі кездегі ғылыми деректерге қарағанда дүниеге келген нәрестелердің 5 пайызы әр түрлі генетикалық өзгерістерімен туылады, ал олардың ішінде 0,5 пайызы шамасындағы балаларда хромосомалық аберрациялар (бұзылыстар) сипатталып жазылған, олардың ішінен 100 – ге жуығы адамдардың ақыл – есінің кеміс болуына,денелерінің дамуының бұзылуына, әр түрлі зілді хромосомалық аурулардың дамуына алып келеді. Адамдардың хромосомалық ауруларының негізгі клиникалық сипаты ретінде туа біткен ақаулықтарды, ақыл – естерінің кем болуын, ұрпақ қалдыра алмауын, өздігінен түсік тастауын т.с.с атауға болады. Хромосомалық аурулар деп – клиникалық сипаттары жағынан түрлеше болып келетін адамдар патологиясының үлкен бір тобын айтамыз. Олардың бәрінің себептері бір – ол әр түрлі хромосомалық мутациялар. Хромосомалық аурулардың басқа тұқым қуалайтын аурулардан ерекшелігі Г. Мендель заңдарынан өзгеше жолмен тұқым қуалауы.
Хромосомалық аурулар ата – аналарының геметаларында пайда болған мутациялар мен ұрықтың дамуына алғашқы кезендерінде пайда болған мутация салдарынан қалыптасуы мүмкін. Гаметаларда пайда болған мутациялар бұл аурудың толық нұсқасының, ал ұрық жасушаларында пайда болған мутациялар аралас, (мозайкалық) формасының дамуына алып келеді. Аралас формалы ағзалардың кейбір жасушаларында қалыпты кориотип кездесуі мүмкін.
Адамдар гаметаларында кездесетін хромосомалық аномалиялардың жалпы саны 7501 – ге жуық, ал оның 100 –і хромосомалар құрылымының бұзылуларының (аберрация) үлесіне тиеді.

Хромосомалық аурулардың пайда болу тетіктері (механизмдері)


Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі – тарихи қалыптасқан жүйенің – кариотиптің өзгеруі, яғни хромосома сандарының не хромосомалардың бір- біріненажыраспауының салдарынан болады. Бұл хромосома санының еселеп өсуіне (полисомия – 3п, 4п, 5п, т.с.с. ) не қалыпты кариотиптің бір немесе бірнеше хромосомаға көбейіп не кемуіне алып келеді (анеуплоидия) – моносомия 2п – 1; трисомия 2п – 1.
Толық триплоидия (3п) және тетраплоидия (4п) адамдарда тек кенеттен, өздігінен өліп, түсіп қалған түсіктердеғана байқалған, яғни поиплоидия ұрықтар тірі туылмай, дамудың алғашқы кезендерінде – ақ өліп қалады.Ал,өсімдіктерде полиплоидия мәдени өсәмдіктерге көптеген жағымды қасиеттер береді, сондықтан селекционерлер оларды жаңа сорттарды алу үшін екеңінен қолданады.
Анеуплоидия – аутосомдардың не жыныс хромосомалардың сандарының бір немесе бірнеше хросомға ауытқуы салдарынан болуы мүмкін. Жыныс хромосомасының саны өзгергенде әрбір қосымша Х –хромосомасы өте тығыз ширатылған гетерохромит күйінде болып, оның гендері активсіз болады. Дегенмен, гетерохромпатин күйіндегі қосымша Х – хромосомалар түгелдей дерлік инеркті болмайды. Олар жасушаларға, жасуша метоболизмге және ағзаның дамуына түрліше әсер етеді. Гетерохроматинденген қосымша Х- хромосомаларда сандық белгілерді анықтайтын полигендер болуы мүмкін.
1 – 12 жұп ірі хромосомалардың ауытқулары бар ұрықтар, әдетте, ерте өліп қалады, яғни летальды болады. 13-18 жұп хромосамалардың трисомиялары (13+18+) жартылай летальды.(сублетальды) болады да нәрестелер балалық шағында өліп қалады.Жыныс хромосомаларының ауытқуларының (Х0, ХХY, ХХХY, т.с.с) және кейбір аутосомалардың трисомияларының ( 13+, 18+, 21+) тіршілік қабілеті айтарлықтай жоғары дәрежеде болуы мүмкін.
Қазіргі кезде сипатталған 100-ге жуық хромосомалық аурулардың 95 – і негізінен 5 хромасомалық ауытқуларға тән болады; 13,18,27 хромосома трисомиялары, Шерешевский – Тернер (45,ХО), Клайнфельтер синдромы ( 47 ХХУ).
Синдро деп – белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауыр белгілерінің бір адамда қатар келуін айтамыз.
Бұл ауруды алғаш рет 1855 жылы Л.Даун сипаттап жазған, бірақ оның себептері 100 жылдан кейін 1958 жылы Ж.Лежен анықтаған. Бұл ауру екі жынысты да бірдей жиелікпен кездеседі, оның орташа жиелігі 1/700 дей шамасындай нәрестелердің Даун синдромымен туылуы ана жасына байланысты, мысалы, 20 жастағы аналар 1: 100 ауру балаларды дүниеге алып келеді.
Даун синдромының негізгі клиникалық сипаты – ақыл-есінің туа біте кем болуында. Оның себебі – 21 хромосоманың q22:3 аймағындағы супероксиддисмутаза генінің дозасының көбеюі болуы мүмкін. Орталық нерв жүйелерінде айтарлықтай ауытқышылықтар болмаса да олар икемсіз, епсіз, жайсыз болып келеді.
Бұл аурудың негізгі фенотиптік сипаттарына мыналарды жатқызуға болады: бойлары аласа, шүйдесі тегіс, бас сүйектері кішкентай трахицефальді, эпикант дамыған, көздері қысыңқы, мұрындарының түбі жалпақ, кең кеңсірікті болып келеді.
Олардың 53%-да жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы, сол сияқты, барлық ішкі секреция бездерінің қызметтерінің бұзылыстары байқалады.
Дерматоглификасы-алақандарында терең көлденең сызықтарының және шынашағында 2-жұмылатын бүгілу сызығының орнына тек 1 ғана сызықтың болуымен сипатталады.
Бұл ауруды 1960 жылы Дж.Эдвардс айқындап тапқан, оның жиелігі 1/4500-ден 1/650-ге дейін болады.Бұл аурумен ерлерге қарағанда әйелдер көбірек ауырады. (3:1).Бұл-ұл балалардың эмбриональдық даму кезінде не өмірінің алғашқы апталарында көптеп өліп қалатындығын көрсетеді.
Бұл аурудың негізгі сипаттамаларына мыналар жатады:нәрестелердің салмағы өте жеңіл (2340гр.), бойлары кішкентай болуы, иектері тегіс, жақтары нашар дамыған, бас сүйегі кішкентай, құлақтары кішкентай және бас сүйегіне төмендеу орналасқан, тұмсықтары шығыңқы құстұмсық болып келуі.Птоз, экзофталм, эпикант дамыған, көздерінің мөлдір қабығының бұлдырлануы, көру нерв дискісінің семуі сияқты көру мүшелерінің мүкістігі айқын байқалып тұрады.Қол саусақтары өте ұзын немесе қысқа болып, 2-5 саусақтары ерекше орналасқан болады.Табандарының пішіні өзгереді. Жүрек-тамыр жүйесінің,бүйректерінің мүкістігі байқалады.Эдвардс синдромын нәресте туылған кезде бала жолдасының (плацента) кішкентай болуы және жалғыз кіндік артериясының болуы арқылы күні бұрын анықтауға болады.
1961 жылы К.Патау және оның әріптестері өте кемтар сұрықсыз баланың кариотипін зерттегенде оның Д тобында артық 1 хромосоманың болатынын анықтап, осы ауруды сипаттап жазған.
Бұл синдромның популяциядағы жиілігін анықтау қиын, себебіосы синдроммен ауырған балалар өте ерте өліп қалады: дегенмен де оның орташа жиілігі 1:3500-4000 жуық.
Бұл синдромның клиникалық сипаттары-балалардың салмағы өте жеңіл, бойлары қысқа және олар күні жетпей туылады. Сол сияқты, осы синдромның ерекше белгілеріне жұмсақ және қатты таңдайларының жырық, көздерінің өте кішкентай- әр түрлі дәрежеде микрофтальмиялы болып келуін де атауға болады.Оларда туа біткен катаракта, беттерінің ангиомасы, полидактилия, синдактилия және табандарының өзгерулері байқалады. Жүрегінің, бүйректерінің қызметтері бұзылады. Қыз балаларда жатырдың имек болуы, ұлдардың ұмаларының өзгерулері байқалады. Гипотония және гипертония , ақыл-естері кем, тоқ ішектің ауытқуы, қомсымша көкбауыр кездеседі.Бұл синдроммен ауырған нәрестелер өмірінің алғашқы күндерінде немесе алғашқы апталарында өліп қалады.Дегенмен, кейде олар 2-3 жыл өмір сүруіде мүмкін.
Клайнфельтер синдромы ер адамдара кездеседі және ол қосымша Х жыныс хромосомасының болуымен сипатталады (ХХУ,ХХХУ, т.с.с).Оның орташа жиілігі 1:500-ге тең.
Бұл синдромның негізгі сипатына мыналарды жатқызуға болады: бойлары өте ұзын, иықтары тар, бөкселері кең, бұлшық еттері нашар дамыған, астеник немесе әтек (пішілген адам) типтес болып келеді.Беттерінде және қолтықтарында мардымсыз, өте сирек түктері болады, ал қасағының түктері әйелдерге ұқсас болады: олардың шәует жолдары семіп (атрофия) қалған ,сперматогенез бұзылып бедеу болып келеді.Ақыл-естері, өте сенгіш, көңіл-күйі тез өзгергіш, қызбалау қболады.
Клайнфельтер синдромымен ауырған адамдардың дерматоглификациясы өзгерген – қол саусақтарының өрнегінде доғалар жиі кездесіп,қырлар – саны азаяды.
Бұл синдромды 1925 жылы Н:А:Шершевский және 1938 жылы Г.Тернер тауып сипаттап жазған.Оның орташа жиілігі 1:2000-3000-ге тең тек әйелдерде кездесіп,әсіресе аласа бойлы қыздар арасында жиі байқалады.
Шершевский – Тернер синдромын жаңа туылған қыз нәрестелерде айқын байқауға болады,себебі моносомия Х(ХО)кейбір мүшелер мен ұлпалардың жатырда бұзылатындығын нәрестелер бірнеше аномалиялармен туылады,яғни салмақтары өте жеңіл ,табандарында және қалдарында лимфиодтық ісіктер ,тырнақтарының гипоплазиясы (толық жетілмеуі)байқалады.Жүректерінің туа біткен ақаулықтары ,қолқа (аорта),өкпе артериясының тарылуы (стеноз,коарктация) байқалып,эпикант дамыған,шаштары қысұа (ересек әйелдердің бойлары 140 см—ден аспайды),мойыны қысқа және жуан болып келеді.Мойын терісінде қант тәрізді қатпарлар дамыған.Қаңқа дамуының анатомиялары , көкірек қуысының өзгеруі,4-5 саусақтарының қысқаруы да ауруға тән белгілер болып табылады.Бойларының қысқа болуына байланысты аяқтары да қысқа,тұлңалары ұзындау болып дене құрылысында диспропорция байқалады.Иықтары кең,бөеселері тар болып өздерінің сыртқы құрылысы жағынан ер адамдарға ұқсас келеді.
Ауруларда ішкі және сыртқы жыныс мүшелері дамымай,соңғы жыныс белгілері – сүт бездері,қолтықтарында , қасаға үстінде түктер болмайды.Олар бедеу болады,себебі жыныс бездері дамымаған.Бұл аурумен ауырған әйелдерде жыныс хроматині кездеспейді,олардың кариотипі 45(ХО) тең болады.Сол сияқты Х хромосоманың басқа да аномалиялары ұзын нмесе қысқа иінінің делексиялары , екі Х хромосомалардың транслокациясы,сақиналы Х хромосома т.с.с. байқалуы мүмкін.
Бұл синдромның 5гр хромосоманың қысқа иінінің делекциясымен байланысты екенін 1965 жылы Герман дәлелдеген.Оның жиілігі толық анықталмаған.Дегенмен,соңғы кездері бұл синдром жиі кездесіп болып жүр.Оның клиникалық сипаты- бұл аурумен ауыратын балалардың дыбыс тембрі ерекше,мысықша «мияулап»,жалынышты күйде болады.Сол сияқты олардың ақыл-есі кем,денесінің дамуы нашар болады,Өсе келе бұл белгілер жойылуы мүмкін.
Негізгі фенотиптік белгілері – беті дөңгелек,эликант дамыған,микроцефалия және жүрегінің ақаулықтары айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет