Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы Пән: Молекулалық биология,медициналық генетика Тақырыбы



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі41,75 Kb.
#84379
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
тұқымқуалаудың ерекшеліктері

Сабақтың жабдықталуы: проектор, ноутбук, презентация, кеспе қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: Қуандықов Е.Ө «Медициналық биология және генетика»
Қосымша: С.А. Әбілаев «Молекулалық биология және генетика»
В.Н.Ярыгин «Биология»
Студент білуі тиіс: - тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алуда генетиканың рөлін;
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:

І Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру -35 мин
ІV Жаңа сабақты бекіту- 25 мин
V Қорытындылау -5 мин
VІ Үйге тапсырма беру – 3 мин
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқу кабинетінің тазалығына көңіл бөлу.
2.Студенттердің сыртқы киімдеріне (калпак,халат) көңіл аудару.
3.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.
4.Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
5.Тақырыптың маңыздылығының мәнін атап өту
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыбы: Жалпы медициналық патологиядағы тұқымқуалайтын аурулардың орны.
Классикалық, классикалық емес типтегі тұқымқуалайтын моногенді аурулар.


Тест жұмыстары:
1.Екі белгінің қарама – қарсы варианттары бойынша тұқымқуалаушылықты қарастыру
және оның тура сандықесебін жүргізу арқылы жүзеге асырылатын шағылыстыру қалай аталады?

  1. Дигибридті в) моногибридті с) полигибридті д) гаплоид е) шағылыстыру

2.Альтернативті белгілердің бір жұбы бойынша бір – бірінен ерекшеленетін екі организмді шағылыстыру қалай аталады?
а) полигибридті в) дигибридті с) моногибридті д) гибрид е) доминантты
3.Екі организмнің шағылысуы қалай аталады?
а) будан в) будандастыру с) гибрид д) шегіну е) тармақ
4. Қандай шағылыстыру кезінде бірнеше жұп қарама-қарсы белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары зерттеледі?
а) полигибридті в)моногибридті с) гаметалар д) генофонд е) дигибридт
5.Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
а) ген в) прокариод с) аллельді ген д) генетика е) хромосома
6. Ата- аналардың өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа берілу қабілеті қалай аталады?
а) организм в) генетика с) тұқымқуалаушылық д) көбею е) өзгергіштік
7. Организдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуын қалай атайды?
а )өзгергіштік в) мутация с)тітіркенгіштік д)репродукция е)метоболизм
8. Бір геннің бірнеше рет мутациялануы нәтижесінде серияныңтпайда болуы не деп аталады?
а) белгі в) ген с) нуклеотид д) қасиет е) көп аллельділік
9. Организнің барлық белгілерінің жиынтығын не деп атайды?
а) генотип в) фенотип с)генетика д) өзгергіштік е) тұқымқуалаушылық
10. Әр түрлі тұқымқуалаушылық материалы бар екі особьты шағылыстырудан алынған ұрпақтарды не деп атайды?
а) гибрид в) буданды с) рецессивті д) доминантты е) генотип
11. Бірінші ұрпақ гибритінді көрінетін және басқа белгінің дамуын басатын белгі қалай аталады?
а) гетерозигота в)фенотип с) доминантты д) гомозигото е)генотип
12. Көрінбейтін, басылатын белгінің атауы қалай?
а) гамета в) зигота с) даму д) рецессивті е)альтернативті
13. Біреуі доминантты,екіншісі рецессивті болатын организм қалай аталады?
а) фенотип в)гомозигота с)полигибрид д)моногибрид е) гетерозигота
14. Мендельдің бірінші заңын не деп атайды?
а) мутация в) ген с)генетика д) гомолог е)доминанттылық заңы
15. Доминантты және рецессивті белгілердің ұрпақ арасында белгілі бір сандық арақатынаста бөлінуі не болып табылады?
а) ажырау в)біркелкі с)гибрид д) хромосома е)фенотип
16. Аталық және аналық гаметалардың барлық мүмкін комбинацияларын қандай тор арқылы анықтауға болады?
а) Мендель в)Пеннет с)Заңдылық д)ажырау е)біркелкі
17. Жыныстық көбею кезінде ұрпақтар арасындағы байланыс жыныс клеткалары нелер арқылы жүзеге асырылады?
а) гаметалар в)ген с)эмбрион д)сперматозоид е)фенотип
18. Екі гомологті хромосомалар құрамында екі бірдей не болады?
а) ген в)гамета с)хромосома д)аллельді ген е)нуклеотид
19. Диплоидті организмнің генотипінде аллельдер сериясынан тек неше ген бола алады?
а) 3 в)2 с)4 д)5 е)12
20. Қандай организмде доминантты ген рецессивті геннің көрінуін үнемі баса алмайды?
а) гетерозиготалы в) гомозиготалы с)моногибрид д) полигибрид е)генофонд
21. Ата – аналарының біреуінің белгісінің гибридте басым болуын не деп атайды?
а) фенотип в)гомозигота с)генетика д)ажырау е)доминанттылық
22. Организмнің барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын не деп атайды?
а) қасиет в)өзгеріс с) ген д) тұқымқуалаушылық е) белгі
23. Негізінде бір немесе бірнеше жатқан кез – келген функционалдық ерекшелік қалай аталады?
а) қасиет в) белгі с)генофонд д) фенотип е)генотип
24. Егер ата – аналық формалар белгілердің бір жұбымен ерекшеленсе, екінші ұрпақта қандай ажырау арақатынасын бақылауға болады?
а) 2:1 в)3:1 с)3:3:1 д)3:2 е)9:3:3
25. Белгілер варианттарының көп түрлілігін анықтайтын аллельді гендердің жиынтығын не деп атайды?
а) гендердің сериясы в) қасиет с)мутация д)өзгергіштік е) хромосома
26. Генотипті өзара әрекеттесетін гендер жүйесі деген анықтама берген генетикті ата?
а) Г. Мендель в)Пеннет с) Де Фриз д) М.Е. Лобашев е)Ж.Б.Ламарк
27. Рецессивтілатын тілінен аудармасы қалай аталады?
а) басым в)үстем с)жалғыз д)шегіну е)көп
28.Доминантты латын тілінде анықтамасы қалай аталады?
а) басым в) будан с) жеке д) заң е) шегіну
29. Г. Мендельдің неше заңы бар?
а) 2 в) 4 с) 5 д) 1 е)3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет