Теориялық сұрақтар



бет28/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Пропедевтика емтихан сұрақтары MC2022-2023-1

Бүйрек биопсиясын бүйректің жайылмалы ауруларының түрін анықтау үшін қолданылады (гломерулонефрит,нефроз,нефросклероз). Биопсияны бүйрек ісінің түрін анықтау үшін де қолданылады.

  1. Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Сұрастыру. Диагностикалық маңызы.

Қан түзу жүйесі ауруларын сұрап тексеру
Шағымдарын анықтау: қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, құлақтың шуылы, көз алдының қарауытуы, жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ентігу, естен тану, дімкәстік, жұмысқа қабылетінің азаюы, терінің қышуы, тәбеттің төмендеуі, жоғалуы, дәмнің бұрмалануы, жүрек айну, жұтудың бұзылысы, жүдеу, азу, қанағыштық, сүйектің сырқырауы, аранындағы ауру сезімі, оң және сол қабырға астындағы ауру сезімі, лимфа түйіндерінің үлкеюі – негізгі шағымдарды айырып алу және талдап сараптау.
Осы дерттің даму тарихын (дерттің анамнезі) анықтау – Дерттің басталу ерекшеліктері (себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады. Сонымен қатар жасалған емдік шаралар – өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі.
Өмір тарихы – негізгі алынатын мәліметтер – өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет – бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.
Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.
Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.
Зиянды әдеттері: темекі шегу – қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.
Болған деттері – балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.
Аллергиялық әсерленулер – тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).
Жанұялық анамнезі –жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке-қарындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс; жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулығы – оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, қояншық, психиқалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық және осы жайттар белгісінің өзінде бар болуын анықтау.

  1. Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Жалпы қарау, диагностикалық маңызы.

Жалпы қарауда ең бірінші науқастың жағдайы мен есіне назар аудару қажет. Тері мен кілегей қабаттары:
-бозару анемияда,хлоразда-алебастер түстес, созылмалы лейкозда-сұрланады,эритремияда-қанық қызыл түсті, геморрагиялық диатезде-дақтар пайда болады. Темір жетіспеушілігі анемиясында тері құрғақ болады,қабыршақтанады. Сарғаю,тілдің өзгеруі,тері астындағы қансырау дақтарының пайда болуы.
Тері құрғақ болады,ол түлей бастайды. Шаш көп түсетін болады, ол көбіне қиылып түседі.

  1. Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Көкбауырға пальпация жүргізу, диагностикалық маңызы.

Науқасты оң жақ бүйірімен жатқан кезде пальпация жасалынады. Шалқасынан жатқан кезде науқас басын төмен салып қол-аяқтарын жазып жатады. Оң бүйіріне жатқан кезде басын кеудесіне қарай төмен иіп шынтақтан бүгілген сол қолын кеудесінің үстіне салады. Оң аяғы түзу, сол аяғы тізе мен жамьастан бүккен қалпы ұстайды. Науқастың оң жағынан дәрігер сол қолын кеуде клеткасының үстіне 7-10 қабырға арасына қолтық асты сызықтарымен бойлап орналасады. Кеудені жайлап басып анық тыныс алу кезіндегі қозғалысын азайтады.Дәрігер оң қолын 10 қабырға шетіне қосылған түсына саусақтарын бүгіп қояды егер де алдымен қарау немесе перкуссия әдістері кезінде талақтың үлкейгені білінсе онда оң қолды демін шығарған уақытта оң қолдың саусақтарымен ішті баса отырып кейін науқастан терең демалуын сұрайды.Бұл кезде талақтың өлшемін, ауру сезімін , тығыздығын, пішінін, қозғыштығын алдыңғы шетіндегі орналасқан өзгешеліктерін анықтауға болады. Қалыпты жағдайда талақты пальпация әдісімен зерттегенде анықталмайды.

  1. Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Көкбауырға перкуссия жүргізу, диагностикалық маңызы.

Қан жүйелеріне қан түзуші мүшелер,қанды түзу және оны бұзып жүзеге асыратын мүшелер Қан ағзадағы заттар алмасу дәрісін зерттейді Қан түйіршіктеріне эритроцит,лейкоцит,тромбациттер жатады
Негізгі шағымдары-тез шаршағыштық,әлсіздік,мұрыннан жатырдан қан кету,сүйектің аурулары,лимфа бездерінің ұлғайып кетуі
Көкбауырға перкуссия жасау арқылы ұзындығын, енін, шекарасын, анықтай аламыз. Дерт болған жағдайда көкбауыр ұлғаяды. Қалыпты жағдайда көкбауыр ұзындығы 6-8см, ені 4-6см болады

  1. Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Лабораториялық зерттеу әдістері. Жалпы қан талдауы, диагностикалық маңызы.

Лабораториялық тәсілдерге қанның жалпы клиникалық анализі, гемолизді және геморрагиялық синдромның белгілерін анықтау жатады.
Қанның жалпы анализіне : эритроциттердің саны, гемоглабиннің мөлшері,лейкоциттердің, тромбоциттердің және ретикулоциттердің санын есептеу жатады. Жалпы қан талдауының тиімділігі дәрігер үшін ыңғайлы, осы анализ арқылы көптеген науқастың қаны туралы мәліметтерді ала алады және жанама әсерлері жоқ.Эритроцит қалыпты мөлшері ер адамда 1-10мл/сағат, әйел адамда 2-15мл/сағат тең. Гемоглобин ер адамда 132-164г/л, әйелдерде 115-145 г/л. Лейкоцит 4-8,8х10/л
Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан— ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады.Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы
жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып,бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық
заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді.Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал Бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген Минералды тұздардан арылады
Гемоглобин.
Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин Эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин
деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды,Себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.
Гемоглобин жоғарылау себебі: Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану); Жүректің немесе Өкпенің туа пайда болған ақауы; Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі; Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер) Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);
Эритроциттер төмендеу себебі:
Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам); Қан жоғалту; Лейкоздар;Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)
Эритроциттер санының жоғарылау Себебі: Ағзаның сусыздануы (көп құсу, диарея, сұйықтық ішуді азайту); Эритемия жүрек және өкпенің аурулары. Өз кезегінде тыныс алу және жүрек қызметінің жетіспеушілігіне алып келетін; Бүйрек артериясының стенозы;
Лейкоциттер
Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар.Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар,бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі Қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: Нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер,лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.
Лейкоциттердің жоғарылау себептері:
Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде; Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит,гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);

  1. Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Сұрастыру, Диагностикалық маңызы.

Өмір тарихы – негiзгi алынатын мәліметтер – өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттерi туралы мәлімет:
Бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер катарында болуы, спортпен шұғылдануы.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.


Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртiбi, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылДЫ, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.
Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртiбi, кәсіпшілік зиянды жайттар.
Зиянды әдеттерi: темекі шегу - канша жастан, кандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.
Болған дерттер – балалық және ересек кезiнде кезiнде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның коспаларын құю.
Аллергиялык әсерленулер -тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялык дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).
Жанұялық анамнезі-жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке - карындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс; жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулыҒЫ - оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдык гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, ҚОЯНШЫҚ, Психикалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық және осы жайттар белгісінің өзінде бар болуын аныктау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет