Теориялық сұрақтар


(20 ответ практикадан ал калганын)



бет27/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Пропедевтика емтихан сұрақтары MC2022-2023-1

(20 ответ практикадан ал калганын)

  1. Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Құралдармен зерттеу әдістері. Диангостикалық маңызы.

Инструменттік әдістер
Бүйрект және несеп шығару жолдарын тексеруде қолданылатын инструменттік әдістерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Эндоскопиялық әдістер
2. Рентгенологиялық әдістер
3. Радиоизотопты әдістер
4. Ультрадыбыс қолдану әдістері
5. Биопсия.
Эндоскопиялық әдістерге цистокопия, хромоцистоскопия жатады. Цистокопия – қуық ішін әдейі аспап цистоскоппен қарау. Хромоцистоскопия – я организме жіберілген бояу индигокарминнің (0,4%индигокармин ерітіндісінің 2-3 мл венаға егеді, немесе оның 20мл – ін бұлшықетке егеді) несеп жолдары арқылы бөлінуін цистоскоппен қарау. Бүйрек және бүйрек жолдарының қызметі бұзылмаған жағдайда бояу несеп жолы саңылауларынан 3-5 минуттан кейін бөл#не бастайды (венаға еккенде). Бұлшықетке екен бояу 10-15 минуттан кейін бөлінсе бастайды.
Рентгенологиялық әдістердің түрлері:
1. Жалпы шолу урографиясы
2. Экскреторлы урография
3. Жоғары лама (рероградты) урография
4. Пневморен
5. Бүйрек артерияларының ангиографиясы
6. Компьютерлік томография.
Радиоизотопты ренография жедел бүйрек жетіспеушілігінде, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысында, құрамында йод бар заттарға сезімталдық артқанда қолданылмайды.
Радиоизотопты сканерлеу организмге бүйрек тіні сіңіретін препаратты (радиоактивті сынаппен Hg197 белгіленген неогидринді) пайдалануға негізделген. Бүйрек үстіне орналасқан қабылдағыштар изотоптың бүйрек бойына қалай тарағанын суретке түсіріп алады (сканограмма). Изотоптың бүйрек тініне сіңу дәрежесіне қарап,бүйрек функциясының күйін анықтайды. Бүйрек ісігінде,оның кистасында, туберкулез кавернасында, бүйрек суретінде изотоп жиналмаған ақтандақ жерлерді (сіңіру дефектісі,не "суық зона") көруге болады. Сонымен қатар, сканограммаға қарап бүйректің орнын,түрін және көлемін анықтауға болады.
Бүйрек эхографиясы бүйрек арқылы жіберілген ультрадыбыс толқынының тығыздығы әр түрлі ортадан өткенде әр түрлі сөніп және әр түрлі кері шағылатынына (жаңғырық беретініне) негізделген. Бүйрек эхографиясының көмегімен бүйрек ісігін,бүйрек кистасын, бүйрек тастарын,бүйрек поликостозын,гидронефрозды және бүйрек туберкулезіне анықтауға болады.
Бүйректің пункциялық биопсиясы деп белдеме тұсынан кері арқылы енгізілген әдейі пункциялық ине арқылы бүйрек тінінің тілмесін микроскопиялық тексеруге алуды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет