Кеуде торын қарау және пальпациялау. Кеуде торын қарауда алдымен кеуде торының пішіні анықталады – қалыпты жағдайда дене бітіміне сәйкес болады: нормостеникалық, гиперстеникалық, астеникалық.
Кеуде торының патологиялық пішіндері:
Эмфизематозды (бошке тәрізді) – қысқа, қабырға аралығы үлкейген (өкпе эмфиземасында);
Паралитикалық кеуде торы – тегіс, тар, ұзын (туберкулезде);
Рахитикалық («тауық тәрізді») – алдыңғы, артқы өлшемдері үлкейген;
«Воронка тәрізді» («етікші кеудесі») – төстің төменгі бөлігінде ойығы болады (ұзақ компрессияда, даму аномалиясы);
Ладья (қайық) тәрізді кеуде клеткасы – төстің жоғарғы және ортаңғы бөлігінде ойығы болады.
Тыныс алу түрлері Кеуде торына қарағанда тыныс алудың түріне, жиілігіне және ритміне назар аударылады.
Тыныс алудың түрлері:
кеуделік – әйелдерде.
құрсақты (диафрагмальді) – ер адамдарда.
аралас- баларда, қарт кісілерде байқауға болады.
Тыныс алу жиілігі қалыпты жағдайда 16-20 рет минутына. Қалыпты жағдайда өкпедегі ауаның көлемі 300-900мл, орташа көрсеткіші 500мл). Тыныс алу беткей және терең болады.
Тыныс алудың патологиялық түрлері:
1. Биот тыныс алуы;
2. Чейн – Стокс тыныс алуы;
3. Куссмауль тыныс алуы;
4. Грокк тыныс алуы;
Тыныс алудың патологиялық түрлері орталық нерв жүйесінің әр түрлі патологиялық жағдайларда болады: менингитте, инсультта, ауыр улануларда,
ми жарақаттарында, агонияларда және т.б.
Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау. Мақсаты:өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.
Көрсеткіші:пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.
Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ.
Асқынулары:жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Бөлме тыныш және жылы болу керек.
2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.
3. Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.
4. Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
5. Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.
6. Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.
7. Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.
8. Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.
9. Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына, жауырын оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.
10. Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.
Ескерту: салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл
Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.
Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.
Бәсең дыбыс - өкпе ұлпасы тығыздалғанда.
Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына патологиялық сұйықтық толғанда, қорап дыбысы - өкпе эмфиземасында, тимпаникалық - өкпеде қуыс пайда болғанда.
Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Өкпеге аускультация жүргізу, оның диагностикалық маңызы.