Перкуссия жүргізудің жалпы ережесі» 1. Бөлме жарық және тыныш болу керек.
2. Дәрігердің қолы жылы және тырнағы қысқа болу керек
3. Науқастың және тексерушінің жағдайы тексеру жүргізуге ыңғайлы болу қажет.
4. Плессиметр саусағы теріге тығыз орналстырылады.
5. Қаққылау саусағы плессиметр саусағына перпендикуляр орналасады.
6. Соққы білезік буының қимылы арқылы жүргізіледі.
Перкуссияның физикалық негіздері Денені қарау кезінде оның тепе-теңдік күйі бұзылып, теңселмелі қозғалыстар жасай бастайды және олардың амплитудасымен, ұзақтығына қарай әр түрлі дыбыс толқындары түрінде тіркеуге болады. Қатты денеге соққы тиген кездегі теңселмелі қозғалыстар ауаға не басқа ортаға беріледі де, біздің құлағымызға дыбыс болып жетеді.
Салыстырмалы және топографиялық перкуссия, олардың жалпы ережелері. Диагностикалық маңызы.
Перкуссия оны қолдану мақсатына қарай екі түрлі:
а) салыстырмалы
б) топографиялық.
Салыстырмалы перкуссияның мақсаты-мүшелерде патологиялық өзгерістерді табу.Салыстырмалы әдіс дененің бірдей екі бөлігін кезек қаға отырып, дыбыс айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері: 1.Салыстырмалы перкуссияда симметриялық нүктелер үстінің дыбысын салыстыру керек.
2.Перкуссиялық.қағудың күші екі жақтан да бірдей болу керек
3. Салыстырмалы перкуссия үшін күшті де жай да перкуссия қолданылуы керек.
Топографиялық перкуссияның мақсаты-әр түрлі мүшелердің шекарасын,мөлшерің және конфигурациясын анықтау.
Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері: 1.Перкуссияны анық дыбыстан жай дыбысқа қарай жүргізу керек.Айқын дыбыстың жай дыбысқа ауысуы,әлсіз дыбыстың айқын дыбысқа ауысқанынан тезірек байқалады.
2.Плессиметр саусақты анықтайтын шекараға паралель қою керек.
3.Плессиметрдің анықтайтын шекараға қарай қозғалыс бағыты сол шекараға перпендикуляр болуы керек
4.Топографиялық перкуссияда жай перкуссияны пайдалану керек.
5.Шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек
Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Аускультация. Тікелей және жанамалы аускультациялар. Диагностикалық Жалпы несепті зерттеудің негізгі әдістері. Диагностикалық маңызы. Зерттеудің зертханалық әдісін өткізудегі мейіргердің рөлі.
Аускультация. Аускультация организмде табиғи жағдайда пайда болған дыбыстарды тыңдауға негізделген. Оның авторы француз клиницисі Ресей Лаэннек болып есептелінеді. Ол 1819 жылы «Аускультация немесе осы жана зерттеу тәсіліне негізделген өкпе мен жүрек ауруларын аныктау туралы» деген еңбегін жариялады . Кейін басқа дәрігер - зерттеушілер бұл тәсілді көп жетілдірді.