Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады, Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек үшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мəн беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағымен жүрек ұшы тұрған нүктені дəл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едəуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады. Жүрек түрткісінің аумағы деп түрткінің əсерінен кеуде клеткасының қозғалуын айтамыз, оның қалыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады.
Патологиялық жағдайда жайылмалы жүрек ұшының байқалуы
жүректен тыс және жүректегі себептермен байланысты болады. Экстракардиялық(жүректен тыс) себептерге:
а)кеудеаралығының артында орналасқан iсiктер (жүректі алға қарай итерiп ығыстырады);
б) өкпенiң алдыңғы шеттерiнiң семуі (журектiң алды көп ашылады) в)диафрагманын көтерiлуi (окпенiң алдыңғы шеттері басылады)
жатады.
Жайылмалы жүрек ушы соккысын тудыратын жүрек жағынан болатын себептерi - журек қарыншаларының гипертрофиясы мен дилатациясы.
Шектеулi журек ұшы соққысы - журектiң кеуде қабырғасынан артқа қарай жылжуының нәтижесі. Қалыпты жағдайда бұл демдi терең алған да және кеуде қабырғасының калыңдағанында болады. Патологиялық жағдайда шектеулі жүрек ұшы соққысының себептері:
1) Өкпе эмфиземасы (өкпе шеттерi журектi алдан молырақ жауып тұрады
2)диафрагманың төмен түсуi;
3) гидро- және пневмоперикард жатады.
Журек ұшы соққысының биiктiгi калыпты жағдайда 5-6 мм шамасында болады және кеуде қабырғасының қалыңдығына байланысты болады.
Журек ұшы соққысы биiктеуiнiң себептерi жайылмалы журек ұшы соққысының себептерiмен бiрдей. Оның аласару себептерi журек ұшы соққысының шектелу себептерiне сәйкес келедi. Жүрек ұшы соққсыының аласаруы кеуде қабырғасының iсiнгенiнде және тері асты эмфиземада да кездеседi.
Журек ұшы соққысының күшi саусақ ұшы сезетiн серпiннiң күшiне қарай анықталады. Журек ұшы соққысының күшеюi - негiзiнен жүрек қарыншалары гипертрофиясының нәтижесі. Ал, оның әлсiреуi жүрек бұлшықетінің әлсiздiгiнен, үлпершек қуысына сұйыктық не газ жиналғанынан болады.
9. Жүрекке перкуссия жүргізу техникасы. Жүрек шекерасын анықтау. Диагностикалық маңызы.
Жүрек перкуссияссын оң жақтағы бұғана ортасы сызық бойынша бауыр дыбысының жоғары шегін анықтаудан бастайды.Әуелі шала тұйық дыбысты шектерін анықтайды. Оның оң жақ,сол жақ және жоғары шектері болады. Анықтауды оң жақ шектен бастайды. Ол үшін бауыр дыбысының жоғарғы шегін анықтағаннан кейін плессиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып,оны жүрек шегіне параллельді орналастырады. Плессиметр саусақты ауыстырып салып отырып, өкпе дыбысының бәсеңдеген жеріне дейін келеді. Бұл нүкте шала тұйық дыбысының оң жақ шегі болады. Сол жақ шекті жүрек ұшы орналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды. Перкуссияны алдыңғы қолтық сызығынан бастап,баяу өкпе дыбысы пайда болғанға дейін жеткізеді. Бұл нүкте шала тұйық дыбысының сол жақ шегі болады. Жоғарғы шекті анықтау үшін бұғанадан бастап, сол жақ төс қасы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Бәсең өкпе дыбысы анықталған нүкте жоғары шек болып есептеледі.
Оң жақ жүрек шегі 4-5 қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2 см сыртқары орналасқан.
Сол жақ жүрек шегі 5 қабырға аралығында сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан.
Жүректің жоғары шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында 3 қабырға аралығында орналасқан.
10. Жүрекке аускультация жүргізу техникасы. Диагностикалық маңызы.
Жүрек аускультациясының ережелері:
-шусыз, тыныштық жағдайда
-науқас жатқанда, тік тұрғанда, қажеттілігіне байланысты – жүктемеден кейін;
-дерт түріне байланысты а) сол жанында (митральды қақпақша); б) еңкейтіп (аорта қақпақша).
Жүрек аускультациясы жасаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі
Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:
Митральды қақпақшаны тыңдау:
-жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
-сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын тыңдау
-төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау
-төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
3-жармалы қақпақшасын тыңдау:
-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:
-төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі);
11. Қан қысымын өлшеу, графикалық тіркеу. Диагностикалық маңызы.
1) Пациентті оның жағдайына қарай отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
2) Науқастың қолын жүрек деңгейінде үстелге қойыңыз.
3) Науқастың қолын алақаныңызды жоғары қаратып, қолыңыздан иықтың жартысына дейін ашыңыз.
4) Артериялық қысымды өлшеу кезінде тонометр манжетін пациенттің иығына шынтақ буынынан 2-3 см жоғары қою қажет (манжет пен пациенттің қолы арасында саусақ еркін өтуі тиіс).
5) Шынтақ артериясындағы пальпацияны анықтаңыз, оған фонендоскопты бекітіңіз.
6) Манжетті тонометрмен қосыңыз.
7) Бұдан артық сынапты бағананың +20-30 мм пульсациясы жойылғанша ауаны баллонмен біртіндеп айдаңыз.
8) Баллон шұрасының көмегімен шұраны оң қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен сағат тіліне қарсы ашып, манжеттегі қозғалысты біртіндеп төмендетіңіз.
9) Тонометрдегі шкала бойынша бірінші тонның пайда болуын есте сақтаңыз - бұл систолалық қысым.
10) Тонометрдегі шкала бойынша қысымның біртіндеп төмендеуімен соңғы қатты тонды тоқтатуды белгілеңіз - бұл диастолалық қысым.
11) Артериялық қысымды өлшеу нәтижелерін пациенттің медициналық картасына жазыңыз.
12. Пульсті есептеу, бағалау, графикалық тіркеу. Диагностикалық маңызы.
Пульсті есептеудің маңызы : тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Пульсті зерттейтін жерлер : кәріжілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу параметрлері : ритмі- тамыр соғу толқынының арасындағы аралық бойынша анықтайды, жиілігі- 1мин ішіндегі тамыр соғу толқынының санын есептейді, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Ересек адамда минутына 60-80 соққы. 80нен көп болса - тахикардия, 60тан аз болса - брадикардия.
Пульсті есептеу үшін науқас босаңсыған қалыпта болу керек. 2,3,4 саусақтарды науқастың білегінің ішкі бетіндегі кәріжілік артерисында болу керек. Оны қысып, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сеземіз.
Екі қолдың тамыр соғуын салыстырамыз.
Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына сандық әдіспен жазамыз.
13. Беткейлі пальпация жүргізу техникасы. Диагностикалық маңызы.
Іштің беткей пальпациясы мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:
1) іштің бұлшық еттерінің жергілікті және жалпы кернеуі, оның ішінде іштің алдыңғы қабырғасының жоғары төзімділік учаскелері;
2) іштің алдыңғы қабырғасының жергілікті және жалпы ауыруы;
3) іштің тік бұлшықеттерінің, ақ сызықтың грыжасының және кіндік сақинасының сәйкес келмеуі;
4) іш қуысы мүшелерінің едәуір ұлғаюы, беткей орналасқан ісіктер және т. б.
Оң қолдың алақанын дәрігер асқазанға тегіс қойып, іш қабырғасына 2, 3, 4 және 5 саусақтардың ұштарымен жеңіл қысым жасайды, іштің алдыңғы қабырғасының кернеу дәрежесі туралы тактильді түсінік алады
Сипатталған әдіс бойынша пальпация әдетте сол жақ мықын аймағында басталады Содан кейін қолды оң жақ мықын аймағына ауыстырады және іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықет кернеуінің дәрежесін салыстыра отырып, қайтадан пальпация жасайды. Әрі қарай, қол сәл жоғары (3-4 см) тасымалданады және сол және оң жақтағы симметриялы жерлерде пальпация жасалады. Осылайша, іштің алдыңғы алдыңғы қабырғасы, соның ішінде эпигастрий аймағы, сол және оң жақ гипохондрия сезіледі.
Содан кейін тік ішектің бөліну дәрежесі анықталады және ақ сызық пен кіндік сақинасының грыжалары анықталады. Ол үшін оң қолдың жартылай бүгілген саусақтары іштің ақ сызығы бойымен қылыш тәрізді процестен төмен орналасады және науқастан басын көтеруді сұрайды
14. Тереңдік пальпация жүргізу техникасы. Соқыр ішекке пальпация жасау техникасы, Диагностикалық маңызы.
Терең пальпация жүргізу кезінде саусақтарды құрсақ қуысына біртіндеп тыныс шығару кезінде енгізеді.
Пальпация ережелері:
Пальпация жүргізуші пациенттің оң жағында болу керек.
Дәрігердің қолы жылы, жұмсақ және тырнақтары алынған болу керек.
Пальпацияны жұмсақ жүргізу керек.
Іш қуысындағы мүшелерді дем алу мен байланысты сипау керек.
Тексеру мәліметтері толық болу үшін пациентті отырғызып, жатқызып және тұрғызып сипайды.
Пальпация беткей және терең болып бөлінеді.
Беткей пальпация. Бұл әдіспен терінің эластикалық қасиеттерін, тығыздығын, қалындығын, тері асты шелін, дымқылдығын, құрғақтығын, температурасын және басқада қасиеттерін анықтайды. Денедегі әсірессе аяқтағы жасырынды ісінулер, пальпациямен анықталады; басқаннаң кейін ойықтар қалып отырады. Осы әдіспен пульстің қасиеттері, лимфа түйіндер, сүйектер мен буындардың ауырсынуы, деформациясы, бұлшық еттердің өзгерісі: атрофия, миалгия, әлсіздігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |