Теориялық сұрақтар



бет20/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Іс әрекет алгоритмі.
1. Зерттеу алдын пациенттке зерттеу барысын, мақсатын түсіндіру.
2. Пациентке тексерістен 3 күн алдын темірі бар препараттарды ішпеу
( ет, балық, жасыл түсті көк өністерді, жемістерді),нәжіс түсін өзгертетін, ішек перистальтикасын күшейтетін дәрілерді қабылдамау (эфидрин, прозерин,висмут, темір, барий сульфат әлсіздендіретін дәрәлер) керек екендігін ескерту. Нәжісті тексеріске 4 күні алынады.
3. Қажет жағдайда тағамның сіңуін тексеру үшін арнайы емдәм тексерістен 5 күн алдын Шмидт (2250 ккал) және Повзнер (3250 ккал) қорғаулық емдәм тағайындалады.Нәжіс тексеріске 5-ші күні алынады.
4. Пациентке нәжісті тексеріске сол күні таңертенгісін алынатын түсіндіру және жинау техникасын үйрету.
5. Пациенттке нәжісті тексеріске жинау үшін қолғап кию керек дәрет ыдысына ішекті сусыз босатқаннан кейін пациент күрекшемен нәжістің әр жерінен 5-10 г. Алып тайындалған ыдысқа салып қақпағын жабу керек.
6. Пациент қолғапты шешіп, ҚКЖҚ – қа тастап, қолды жуып, құрғату керек.
7. Материал салынған ыдысты жолдамамен клиникалық зертханаға жеткізу керек.
Ескерту :
- Тағамның сіңу дәрежесін тексеру үшін дәрігер тағайындауымен Шмидт және Повзнер емдәмді қолданады.
- Іш жүргізетін дәрілерді қабылдағанда, клизма, свича қойылғаннан кейін нәжіс тексеріске алынбайды.
  1. Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.МҮҰ. Зертханалық және аспаптық зерттеу. Эндоскопиялық тексеру әдістері.( гастродуоденоскопия). Диагностикалық маңызы.


Ас қорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері


Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды субьективті тексеру әдістрі
Науқастың шағымдары
1. Ауырсыну (тамақ ішумен байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы)
2. Лоқсу
3. Құсу
4. Кекіру
5. Қыжылдау
6. Тәбетінің бұзылуы
Аурудың даму тарихы (anamnesis morbi)
1. Қауіп қатер мәнбірі
2. Себебі
3. Бастамасы
4. Қозғалысы
5. Жүргізілген ем
Ауру тарихын сұрастырғанда аурудың қалай және қандай симптомдармен басталғандығын сұрастыру керек. Бұрын соңды дәрігерге қаралды ма, қандай тексеру тәсілдері жүргізілді, тағайындалды, емнің нәтижесі қандай . Аурудың ағымы жөнінде, өршуі жөнінде және амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылданды ма соны сұрастыру керек. Аурудың уақытын , сипатын және жағдайының қашан нашарлағанын анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет