Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:
1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.).
2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру.
3. Озық және жаңа жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу.
Күтілетін нәтижелер:
1. Бәсекеге қабілетті, білімді жеке тұлға.
2. Кәсіптік шеберлігі шыңдалған ұстаз.
3. Жаңашыл ұстаз
4. Оқушы бойындағы дарындылық пен қабілеттілік.
Әдістемелік бірлестіктің міндеттері ӘБ мына міндеттерді орындайды:
1. Оқу сағаттарының барлық түрін өткізу;
2. Тақырыптық календарлық жопарларды жасау;
3. Оқыту сапасының үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз ету;
4. Үздік ұстаздар тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату мақсатында басқа ӘБ – мен шығармашылық байланыс орнату.
5. Педагогикалық шеберлікті меңгерту мақсатында жас ұстаздарға көмек көрсету;
6. Оқушылардың қорытынды аттестациясының материалын қарау.
7. ӘБ отырысын өткізу;
8. Нормативтік құжаттармен жұмыс, оның талаптарын және ӘБ ұсынысы мен шешімдерін орындау;
9. Пән апталығы не декадасын дайындап, өткізу.
10. Семинар, конференция, дөңгелек стол, т.б. өткізу;
11. Пән бойынша сыныптан тыс іс-шараларды дайындап, өткізу.
12. Оқушылардың олимпиада, интеллектуалдық марафон, ғылыми жұмыс, т.б. дайындап, өткізу;
13. Пән бойынша әр ӘБ сабаққа, үйірме жұысына, факультатив сабағына қатысу.
Әдістемелік жұмыстың түрлері:
1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция).
2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер).
3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі).
Мектепте әдістемелік жұмысты әдістемелік кеңес басқарады. Әдіст. кеңеске директордың орынбасары басшылық жасайды. Пән бірлестіктері мен құрылған шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады. Пән әдістемелік бірлестіктеріне тәжірибесі мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді. Мектепте әдістемелік кабинет жабдықталып жұмыс істеуі керек. Онда:
1. Кімнен үйренуге болады?
2. Сынып жетекшісі.
3. Қазіргі сабақ қандай?
4. Педагогикалық информацияның экспресі. т.б. тақырыптарда стендтер болғаны жөн. Сонымен қатар кабинетте:
педагогикалық басылымдар қоры мен педагогика, психология, оқыту
Сынып жетекшілер тобының мақсаты: Мектептегі барлық тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, сынып жетекшілердің тәрбиелеу бағдарламасын жаңаша амалдармен құруын қамтамасыз ету.
Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптасытру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстыру.
2. Оқушыларды ерте жастан ғылыми-ізденіс жұмыстарына бейімдеу.
3. Оқушылардың жоғарғы деңгейіндегі саналы білім мен іскерлігін көтеруге мүмкіндік беру.
4.Оқушылардың жүйелі ғылыми көзқарасын қалыптастыры, зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығуын, қабілетін арттыру.
5.Өз еркімен қалаған ғылым саласы бойынша мамандықты дұрыс таңдауға, алған білімін тиімді пайдалануға ұмтылдыру.