(Қосымша ақпарат ) Тәрбие процесінің түзетуге арналған бағыттылығы. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикалық-физикалық даму кемшіліктерін арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып түзету процесінде оқыту мен тәрбиенің өзара байланысын және бірлігін қарастырады.
· Тәрбиенің түсініктілігі. Тәрбие процесін оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейінде шынайы ситуацияларға жақындап ұйымдастыруды көздейді.
· Еңбекпен тәрбиелеу. Арнайы мектептің негізгі бағыттылығы – еңбекке баулу. Түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру процесінде баланың келесі қасиеттері қалыптасады: еңбекке деген ынта, әдептілік, бірлесіп жұмыс жасау, еңбек тапсырмаларын орындау процесінде бір-біріне көмек беру, өзара құрметтеу, олардың еңбек іскерліктері жетіледі.
· Тәрбиедегі жеке және дифференциалды ықпал ету. Бала тұлғасын жан-жақты зерттеу және анықталған жеке және типологиялық ерекшеліктерін есепке алып тиісті тәрбиелік әсер ету шараларын белгілеу.
· Тұлғаның қалыптасуында тәрбиешінің шешуші ролі. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар баланың сақталған мүмкіншіліктеріне сүйенуді, жеке және типологиялық ерекшеліктерді есепке алуды, сонымен қоса нақты оқушының қызығушылығын, қажеттіліктерін көздейді. Тұлғаның қалыптасуында шешуші рольді тәрбиеші алады.
· Бала тұлғасын құрметтеу және оны оған қойылатын талаппен, күн тәртібімен ұштастыру. Балаланың жеке ерекшеліктерін есепке алуды, сақталынған факторларға сүйенуді, тұлғаның жағымды жақтарына сүйенуді, сонымен қоса педагогикалық күн-тәртібін сақтау, еңбек пен дем алууды көздейтін, медициналық процедураларды қарастырады.
Тәрбие әдістері – оқушылардың қажетті-мотивациялық аумағының және санасының дамуына, мінез-құлықтың қалыптасуына, оның түзелуіне бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінің тәсілдері, жолдары.
Тәрбиенің жалпы әдістерінің жіктелуі Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің сипаттамасы - түсіндірмелі-репродуктивті,
- проблемалық-ситуативті,
- үйрету мен жаттықтыру әдістері,
- ынталандыру мен тежеу,
- жетекшілендіру әдістері,
- өздік тәрбие әдістері.