Тәрбие жұмысының жоспары IІ – курс Тобы: БҚБ-11г-22/1 Топ тәлімгері: Бахрамова Г. А



бет1/7
Дата18.11.2023
өлшемі78,48 Kb.
#124686
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие жоспар общ кафедра 22,1



«Болашақ» жоғары колледжі


БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
______________Сурашова А.С.
“__”__________20 ж
2023-2024 оқу жылына
«Білім» кафедрасы


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


IІ – курс
Тобы: БҚБ-11г-22/1


Топ тәлімгері: Бахрамова Г.А.

2023-2024 оқу жылдарындағы жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі

КЕШЕНДІ ЖОСПАР


Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.


Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» - дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін:
1) ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
2) халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
3) әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу;
2) ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
3) жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4) денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет