Күтілетін нәтижесі: 1) ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;
2) сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
3) ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
4) достарын, сыныптастарын сыйлайды;
5) кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.
Талап құндылығы: 1) сыни және креативті ойлау;
2) жеке және командамен жұмыс істей білу;
3) білуге, жаңаны тануға құштар болу;
4) физикалық белсенді болу;
5) салауатты өмір салтын ұстану;
6) технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
7) дұрыс қарым-қатынас орната білу;
8) уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.
Күтілетін нәтижесі: 1) жан мен тән тазалығын сақтайды;
2) дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
3) қоршаған орта тазалығын сақтайды;
4) ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
5) ізденімпаз, жасампаз тұлға.
Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері: 1) «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді;
2) оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді.
Білім беру ұйымы (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) басшысы, меңгеруші (әдіскері), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 1) тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
3) тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
4) тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
5) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтап, мектепішілік ережеге сәйкес аптасына бір рет (дүйсенбі) сынып сағатын сабақ кестесіне ендіру ұсынылады.
Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлар: 1) салауатты өмір салтына ынталандыру;
2) сыныпта ынтымақтастық ортаны, өзара түсіністікті құру;
3) білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей алуға баулу;
4) ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған кеңестер);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
6) аптасына бір рет (дүйсенбі) сынып сағатын өткізу.