Білім беру ұйымдары мен педагогтері: 1) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.
Облыстық, қалалық білім басқармасына қарасты Білім-инновация лицейлері мен Мамандандырылған білім беру ұйымдарын (Дарын) «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мазмұнын жалпы мектептерге толық енгізу мақсатында тірек мектептер ретінде бекіту ұсынылады.
қыркүйек – Білім айы 1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары 5 қыркүйек- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар, шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл, қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл