Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады:
жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы;
тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету;
жоспардың нақтылы болуы;
жұмысты келісіп жоспарлау.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі қолданылады
Перспективалық
Жылдық
Ағымдық
Мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды.
жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады.
Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі
Модельдер
эвристикалық
дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық
табиғи және жасанды.
«Модель» термині латын тілінен /modulus/ шыққан, «өлшем», «әдіс» «бейне» деген ұғымдарды білдіреді.