«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған


Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары



бет8/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.3. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады. Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі. Жоспар - ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Сынып жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым - қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.
Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі - бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын - сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді. Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден - бір педагогикалық тәсіл болып табылады. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі. Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан - жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма - жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке - дара , үздік - үздік әрекеттер басым болып келеді. Өткенмен - салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма - жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырды. Тәрбие жоспары - сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді қажет етеді. Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады. Мектеп тәжірибесінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп. Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар. Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.). Бүгінгі күнде олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты. Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі түрі болады. Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата - аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз.
Тәрбие жоспарының үлгісі



Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы - сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ - жауап, кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН), еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
Бұл бағытта сыныпқа қстысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы - сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін - өзі басқару басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл - кеңес беру т.с.с. олрға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу - тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата - аналарымен байланыс орнату, ата - аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата - аналар комитетінің жоспарынан: ата - аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.
Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет