«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған



бет1/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдістемелік құрал






«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен
оқушының өзара байланысы».
Құрастырған:

Түркістан облысы Созақ ауданы Ыбырай ауылы Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медетова Жанар Тілеуқабылқызы.


Түркістан облысы Созақ ауданы Шаға елді мекені С.Бақбергенов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхстамова Бибайша Мауленовна.


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі. Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Алайда сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі- мектеп білімін жаңарту. Дегенмен, .жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпаққа зерделі білім берілу негізгі мақсат. Оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім
қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру 
мүмкін емес. Жобалау технологиясы оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескертетін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды дамытады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет