Тәрбие сағаты «Салауаттану- болашағынды сәулелендіру»



бет2/4
Дата12.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#49571
1   2   3   4
Байланысты:
4. Салауаттану- болашағынды сәулелендіру

1 – бөлім «Таныстыру»
I топ - «Салауатттық»
Ұраны: «Денсаулық кепілі - салауаттылық».
ІІ топ – «Болашақ»
Ұраны: «Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында».
Еліміздің жалғасы – біздер. Сондықтан біз еліміздің салауатты болашағы болғымыз келеді.
ІІІ топ - «Сәулеленген өмір»
Ұраны: «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның».
Салауатты өмір салтын ұстансаң, өзіңнің болашағыңды, өміріңді сәулелендіресің. Сондықтан біз тобымызды «Сәулеленген өмір» деп атадық.
2 –бөлім
Денсаулыққа байланысты өлеңдер оқылады.
1 – оқушы: денсаулық – ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2 – студент: денсаулық – ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық –ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3- студент: жан сезімін өзінің –
Көңіл-күйін сезімін.
Денсаулыққа жағымды
Көңіл шат, қуаныш
Сезімді рахат, жұбаныш.
4 – студент: біз – жүрекпіз өмір үшін соғатын,
Біз - өмірміз күнде көктеп толатын.
Біз – елміз, кіндігіміз ауылдың,
Күн сөнгенше сарқылмас қазынамыз.
5 – студент: Ғани Мұратбаев мектебінің жастары
Бүгін міне тамаша іс бастады.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
6 – студент: Ұрпақ керек ертіңгі алда,
Болашақты болжайтын
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
3 – бөлім
Денсаулыққа байланысты мақалдар жалғасын табу
І топ:

  1. Денсаулыққа - ... (зор байлық)

  2. Тәні саудың - ... .(жаны сау)

  3. Емнің алды - ... .(еңбек)

  4. Тазалық – саулық негізі, (саулық – байлық негізі)

  5. Шынықсаң - ... .(шымыр боларсың)

ІІ топ:

  1. Ас тұрған жерде ... .(ауру тұрмас)

  2. Ас – адамның ... .(арқауы)

  3. Денсаулықтың ...тазалық (кепілі)

  4. Жаным арымның ... . (садағасы)

ІІІ топ:

  1. Ауру мен ... араз (тазалық)

  2. Ас тұрған жерде ... тұрмайды.(ауру)

  3. Ішін ... аузыңды тый(ауырса)

  4. Жарлының байлығы - ... саулығы (денінің)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет