Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Негізгі бөлім
Викториналық сұрақтар
Қорытынды
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!
Психологиялық дайындық
Негізгі бөлім
Оқытушы: Біздің Отанымыз-Қазақстан.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі.Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран бекітілді.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Ермухамед: Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді.