Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстаным!» Дайындаған: Болатова З. Б топ


Бауржан:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі199,04 Kb.
#50620
1   2   3
Байланысты:
14.10 Менің Отаным Қазақстан

Бауржан:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Диас:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Арсен:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні


Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқытушы: «Отан дегеніміз не?»


1.Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2. Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3. Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4.Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Оқытушы: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

Нұрдаулет: 1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Мадияр: 1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Ермухамед:Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
Диас: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Тәрбие сағаты тақырыбы бойынша мұқият тыңдау, өлең оқу, өз ойларын айту

Викториналық сұрақтар







Оқытушы: Викториналық сұрақтар кезегіде келіп жетті:

  1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

  2. Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, әні: Ш.Қалдаяқов)

  3. 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

  4. Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

  6. Абайдың шын аты. (Ибраһим)

  7. Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

  8. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)

  9. Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )

  10. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

  11. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)

  12. Желтоқсан жұлдыздарын ата. (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,

  13. С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев т.б.)

  14. Қабанбайдың шын есімі кім? (Ерасыл)

  15. Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)




Сұрақтарға жауап беру

Қорытынды:







Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

«Не ойландырады?» әдісі бойынша қандай ой түйгендерін, не ойландырғандары туралы ойларымен бөліседі




Рефлексия

Кері байланыс
«Жұлдыз тарату»
Әдісі бойынша студенттер тәрбие сағатынан алған әсерін білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет