Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы



бет1/12
Дата25.11.2023
өлшемі90,04 Kb.
#126068
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК


«Бекітемін»
Директордың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
________ С.Е. Заурбекова


Тәрбие сағаты


Тақырып: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»
Топ жетекшісі: Баялы А.А.

Топ:ТҰ-Н 21-2


Тараз 2022ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»


Мақсаты:
1.Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1. Кіріспе сөз
2.Сұрақ - жауап
3. «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
4. Ой талқы (маңызды тақырыптар бойынша студенттердің пікірлерін тыңдау)
5.Қорытынды бөлім
Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы зінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл — құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы
ІІ. бөлім «Сұрақ - жауап»
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)
11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)
13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
18. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар)
20. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)
ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)


3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)
IV. бөлім «Ой талқы» (маңызды тақырыптар бойынша студенттердің пікірлерін тыңдау)
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?


V. Қорытынды бөлім
Біз бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.

Бауыржан Момышұлы атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.


Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК
«Бекітемін»
Директордың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
________ С.Е. Заурбекова




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет