Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы


ІI тапсырма: Сұрақ -жауап



бет8/12
Дата25.11.2023
өлшемі90,04 Kb.
#126068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ІI тапсырма: Сұрақ -жауап
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата - бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде. Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек. Біздер барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
Қорытындылау
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің…
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
…. Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Мұзафар Әлімбаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК
«Бекітемін»
Директордың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
________ С.Е. Заурбекова




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет