Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік тұғырым» -Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!



бет2/2
Дата25.01.2023
өлшемі23,53 Kb.
#62966
1   2
Би: «Қаражорға»

16-оқушы: Азамат


Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.

Айлин Т:
Жүректе намыс оты лапылдаған,


Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Жеке орындауда: «Қазақстаным алға!»


17-оқушы: Нұрдаулет


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.

18-оқушы: Каусар М


Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең
19-оқушы: Ерасыл
Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

20-оқушы: Сырым


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

21-оқушы: Абылайхан


Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,

22-оқушы:


Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.

22-оқушы:


Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

23-оқушы:


Тәуелсіздік - аппақ таңым арайлы,
Атсын әркез күнің нұры шырайлы.
Ата-баба араманымсың аңсаған
Қолы жеткен бақ жұлдызы арайлы.

Мұғалім:- Жарайсыңдар, балалар. Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген


мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?
Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.
VI. Қорытынды сөз.
Мұғалім:
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпін.
-Қазақстан қандай ел?
Хормен:
Туымен – Тұғырлы,
Елтаңбасымен – Еңселі,
Әнұранымен – айбатты ел!
Ендеше балаларды ортаға шақырайық «Қазақстан» сөзіне мағлұмат берейік.
Қ – Қазағымыз аман болсын! Әбілмансұр
А – Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем! Нұрасыл
З – Заманымыз тыныш болсын! Мадияр
А – Аман болсын Тәуелсіз елдің ұрпағы! Ильяс
Қ – Қыран құстай биік болайық! Айсұлтан
С – Сарыарқа даласындай кең болайық! Нұржігіт
Т – Тәуелсіз ел туын көкке көтерейік! Ахмет
А – Аман болсын Тәуелсіз қазақ елі! Ғани
Н – Намысты қолдан бермейік ! Санжар
Хор: «Мен қазақпын!»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет