Тәрбие сағатының жоспары



бет2/3
Дата20.11.2022
өлшемі124,71 Kb.
#51369
1   2   3
Байланысты:
Томирис ТС

«Өзіме-Көршіме» тренингі
Тақырыпты ашуға арналған сөздер бар қағазды таңдап,оны өзіме көршіме деп алмастырамыз. Яғни, қағазды ашпай өзіңнің қолыңдағын оң қолыңмен көршіңе беріп, ал сол қолыңмен көршіңнен аласың. Сонда қолыңа түскен қағаздардың бірінде түкте жок,ал кейбіреуінде осы тақырыпқа байланысты синоним сөздер бар. Осы сөздер арқылы тақырыпты ашуларыңыз керек.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Ой қозғау
Томирис: Демек тәрбие сағатымыздың тақырыбы. Отбасы өмір-аясы. Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбиелік шараны ашайық!
Инара: Оқушылар ең алдымен рандомайзер арқылы топқа бөлініп алсақ.
- Ассоцияция әдісі
Инара: Балалар топқа бөлініп алсақ, ассоциация әдісіне көшейік.
1-топ:«Отбасы»
2-топ: «Отау»
3-топ:«Отағасы»
4-топ:«Отау иесі»
5-топ: «Жанұя» сөзіне ассоциация құрғызу
- Бейнеролик
Отбасы туралы бейнеролик
https://youtu.be/pjHmgyDGLX8
- Проблемалық сұрақ
Инара: Оқушылар ендігі кезекте сіздерге сұрақ қойсам
Бақытты отбасы болу үшін сіздер қандай әрекеттер жасай аласыздар?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
Томирис: Өте жақсы оқушылыр. Ендігі кезекте сіздерге бір оқиға айтып берсек.
Үйдегі тыныштықтың, түсіністіктің ең негізгі қағидаларының бірі – сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсақ, дәл сондай мәміленің жанұя ішінде де болуы! Сыйластық болған үйде бақ-береке де болады. Ертеде бір жас жігіт отбасы ішінде қалай бақыт пен тыныштық орнатуға болатынын іздейді. Адамдар оған «Пәлен ауылда бір шал мен кемпір бар, білсе солар біледі бақытты тұрмыстың сырын, өйткені олардың ұрысқанын, бір-біріне дауыс көтергенін әлі ешкім көрген емес» дейді. Жас жігіт әлгі айтылған үйге барып, амандасып, хал-жағдай сұрасқаннан кейін үй иесіне келген себебін айтады. Қарт кісі дастархан басына қонақты жайғастырып отырғызады. Кемпірі дастарханға бір қауын әкеледі. Қарт кісі қауынға бір қарайды да, кемпіріне: «Бұл қауын онша піспегенге ұқсайды, ауыстырып әкелесің бе» дейді. Әйелі жарайды деп қауынды кері әкетіп, тағы бір қауын әкеледі. Күйеуі «Бұл да болмады, тағы басқасын көрші» дейді. Әйелі жарайды деп, тағы алып кетеді. Қарт кісі келген қонаққа: «Әйелім онша таңдай алмаса керек, кеттік бірге барып таңдап келейік», деп екеуі бірге ас үйге кіреді. Ас үйге кіргенінде бір ғана қауын тұрғанын көреді. Қарт кісі қонаққа қарап: «Отбасы бақытының сырын түсіндің бе» деп сұрайды. Жас жігіт «түсінбедім» деп жауаптайды. «Балам, үйде бір ғана қауын бар еді. Мен білетінмін біреу ғана екенін, менің білетінімді әйелім де біледі. Мен қауынды алып кетіп басқасын әкел дегенімде, жарайды деп әкетіп дәл соны қайта әкелді. “Ей, шал, сен алжығанбысың, үйде бір ғана қауын бар, не айтып тұрсың” демеді. Мен бір нәрсе айтқанымда әйелім қарсы шықпайды, дереу айтқанымды орындайды. Ол да бір нәрсе айтқанында мен де оның көңілін қалдырмаймын. Сол себепті ұрыс-керіс те болмайды. Отбасы бақытының сыры осы» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет