V. Мамандар сөйлесін. Эколог: Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф: Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог: Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы: Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
Дәрігер: Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
VІ. Проблемалық сауалдар.
1-Сұрақ. Жақсы өмір сіздің ойыңызша зиянды әдеттерден бастартумен шектеле ма?
2-Сұрақ. Жақсы өмір сүру үшін міндетті түрде бай болу керек па?
3-Сұрақ. Сіз денсаулығыңызды қаншалықты бақылауда ұстайсыз? Медициналық бақылауды қаншалықты жиі жүргізесіз?
4-Сұрақ. Ең жақын досыңыз сізден қомақты мөлшерде сізден ақша қарыз сұрады. Сіз оған сенгендіктен оған еш ойланбай қарыз ақша бердіңіз. Мәселен, 20 000 тг. Бірнеше күннен кейін сіз ортақ таныстарыңыз арқылы сіз берген ақшаны түнгі клубтарда көңіл көтерумен, ішімдік, темекі үшін құртқанын білдіңіз. Сіздің мұны білгеннен кейінгі әрекетіңіз?
Студенттердің проблемалық сауалдарға жауап беру кезі