Тәрбие сағатының өткізілген күні



бет4/4
Дата10.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#80858
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрие сағатының хаттамасы

VІI. Постер қорғау
Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен. Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.
Ал ендеше «Жақсы өмір сүру дегенді қалай түсінесіз?» деген тақырыпта ойларыңызды білу үшін постер қорғауға қатыссақ. Постерге өздеріңіздің ойларыңызды, түйіткілді идеяларыңызды, көкейкесті мәселелеріңізді айтып жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

Постер қорғау барысы
VIIІ. «Сен білесің бе?»
Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамын.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.
5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.
7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.

Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысы


. Студенттер «Жақсы болу – өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар екендігін тереңінен ұғына білді. Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жаман әдеттерге әуес болмауы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Жақсы өмір сүруге байланысты студенттерге арнайы үндеу айтылды.


Үндеу. Құрметті студент! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
 Құрметті студенттер бүгінгі ашық тәрбие сағатынан бойынша көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден айлақ жүреді деп сенеміз. Ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болып жүре беріңіздер.


Шешім: «Жақсы өмір сүрем десең...» атты тәрбие сағаты студенттерге жаман әдеттерден сақтануға, әуестенбеуге бағытталды. Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!
Тәрбие сағатын өткізуші:
Биология кафедрасының аға оқытушысы, Н.Н. Салыбекова
PhD, доцент м.а

7М01507-Биология білім беру


бағдарламасының З.Э. Таштамирова
2-курс магстранты
Биологтя кафедрасының меңгерушісі, Ғ.И. Исаев
техн.ғ.к., доцент м.а
Аға тәлімгер: Т.М. Кәрімжан

Тәрбие және тәрбие жөніндегі Н.Ә. Әбдімүтәліп


декан орынбасары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет