Тәрбие сағатының тақырыбы 1-наурыз алғыс айту күні


«Білем, білдім, білгім келеді»



бет4/5
Дата19.10.2022
өлшемі319,62 Kb.
#44078
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 наурыз алғыс айту күні Еспентаева К

«Білем, білдім, білгім келеді»
Кестесі бойынша сабақтан алған әсерін жазады және оқиды.

формативті

«Білем, білдім, білгім келеді»
кестесі, стикерлер


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 
13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар
№ 173
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.
Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Қазақстанды уақтысында тарихшылар «халықтардың лабораториясы» деп атады. Бұл сөз тегін айтылмаған. Өйткені, Қазақстан Кеңес үкіметінің, одан әргі Патшалық Ресейдің солақай саясатын жүзеге асыратын орынға айналды. ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне ішкі Ресейден көптеген шаруалар күштеп қоныстандырылды. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап Кеңес үкіметі көптеген ұлттар мен ұлыстарды түрлі себептермен ұлан-ғайыр қазақ жеріне жаппай көшірді. Мәселен, 1936 жылы Украина мен Польша шекарасынан бір ғана Қарағанды облысына мыңдаған немістер мен поляктар жер аударылды. Ал, 1937 жылы елімізге кәрістерді әкеліп қоныстандырды. Жаппай жер аудару соғыс жылдары да тоқтаған жоқ. 1943-1944 жылдары қарашайларды, қалмақтарды, шешендерді, ұңғыштарды, еврейлерді, Қырымда тұратын татарларды, гректерді, армяндарды, болгарларды құтты мекенінен айырып, қазақ жеріне күштеп көшірді. Бір сөзбен айтқанда, «сатқын», «халық жаулары» саналған көптеген ұлт өкілдері кең байтақ қазақ жерінен пана тапты. 
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.



Отанынан жыраққа кеткендердің бөтен елде қалай, қайтіп өмір сүретіндеріне билік басын ауыртпады. Бір-екі түйіншегімен далада қалған татар, кәріс, шешендерді қазақтар далада қалдырған жоқ. Керісінше, ашаршылық, соғыстан азып-тозып отырған халқымыз аядай баспаналарына өзге ұлттарды кіргізіп, бір үзім нанын бөліп беріп отырды. Әрбір қазақтың отбасы осылайша жер аударылғандарды қаңғыртып жібермей, жүрегінің кеңдігіне, көңілінің дархандығына сыйғыза білді. Ежелден қонақжайлылығымен, бауырмалдығымен атағы шыққан қазақтар тағдыр талайымен қиын жағдайға тап болған халықтардың алғысына бөленді. Бертінде сталиндік режимнің салқыны басылған соң жер аударылған халықтардың біразы өз отандарына оралды. Алайда, көпшілігі қазақ жерін жерсініп, халқымызға сіңісіп кетті.
Қазір Тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде тұратын көптеген ұлттар қазақ халқының дархандығы үшін, қиын кездерде қол ұшын созған кең пейілдігі үшін алғыс айтады. Қазақстан сан ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналды. Осы ынтымақтың көрінісі ретінде ұлттардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін енгізу туралы жақында Елбасының өзі көпшілікке ұсыныс тастады. Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н. Назарбаев осындай пікір білдірді.
—Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады және бізге өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым. Аталмыш мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда немесе басқа уақытты қойса да болады. Бастысы - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді, - деді Президент жиында.

• Бастай бақ, шаштай дәулет берсін! • Тарыдай тасып, бидайдай бөк! • Қаздай қалқы, қудай жүз! • Қаймағы бұзылмасын! • Қабыл болсын! • Тілегіңді берсін! • Шаңырағың биік болсын! • Өзегің талмасын! • Өмірің ұзақ болсын! • Несібелі бол! • Той тойға ұлассын! • Жаныңа жамандық бермесін! • Қоныс жайлы болсын! • Көңіліңді кір шалмасын! • Күлкіден айырмасын! • Адалынан берсін! • Көш-көлікті болсын! • Ауызбіршілік болсын! • Торқалы той болсын! • Алла абырой берсін! • Талабың өссін! • Сапарың сәтті болсын! • Ел-жұрт аман болсын! • Құдай сәтін салсын! • Ақ мол болсын! • Мұратыңа жет! • Ғұмырлы-бақытты бол! • Қыдыр ата жолдасың болсын! • Аспаның ашық болсын! • Ниетің қабыл болсын! • Көсегең көгерсін! • Нұр жаусын! • Бақытты бол! • Иманды бол! • Мың болғыр • Құтты болсын! • Қайырлы қадам болсын! • Жұлдызың жансын! • Талабыңа нұр жаусын! • Өнерің өрге жүзгей! • Бауы берік болсын! • Мың жаса! • Ұзағынан сүйіндірсін! • Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін! • Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын! • От басы, ошақ қасы аман болсын! • Дастарқаныңа береке берсін! • Алладан рақым болсын! • Көйлегің көк, көңілің тоқ болсын! • Қоныс құтты болсын! • Мерейің үстем болсын! • Құдай күлкіден айырмасын! • Үбірлі-шүбірлі бол! • Қыдыр ата жолдасың болсын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет